Австрия да НАТО-ға кіруі мүмкін

Австрияның еуропалық және халықаралық істер жөніндегі министрі Беат Майнль-Райзингер Австрияның әскери бейтараптығы өсіп келе жатқан қауіп-қатер фонында оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейді, атап айтқанда агрессор ел Ресейден қауіп бар, сондықтан елдің НАТО-ға кіру мүмкіндігін талқылаған жөн деп санайды.
Бұл туралы ол 26 шілдеде жарияланған неміс Welt басылымына берген сұхбатында айтты. Майнль-Райзингер «қазіргі уақытта парламентте немесе тұрғындар арасында Австрияның альянсқа мүше болуын қолдайтындар көп болмаса да, бұл тақырыптағы пікірталас «нәтижелі болуы мүмкін», өйткені біз Австрияның қауіпсіздік және қорғаныс саясатының болашағы туралы айтып отырмыз» дейді.
Дипломат жаһандық қауіпсіздік жағдайы барған сайын белгісіз болып бара жатқан әрі «Ресейде агрессивті пиғыл өршіп тұрған кезде» кезкелген ел бейтараптықпен емес, «өзінің қорғаныс қабілетіне және серіктестікке инвестиция салу арқылы» қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Майнли-Райзингердің пікірінше, қазіргі жағдайда НАТО-ға кіру – тілек емес, қажеттілік.
Ол Австрия ешкімге зиян тигізбесе, оған ешкім де зиян тигізбейді деп құр қол қарап отыруға болмайды деп атап өтті. «Бұл аңғалдық болар еді. Әлем өзгерді», - деді ол. Австрия СІМ басшысы 1995 жылы Еуропалық Одаққа кіргеннен бері Австрияның бейтараптығы айтарлықтай өзгергенін, өйткені оның жауынгерлері ЕО-ның «көптеген бітімгершілік миссияларына» қатысқанын, сондай-ақ өз елі «жалпы еуропалық қауіпсіздік пен қорғаныс саясатын – қаржылық, әскери және саяси жағынан қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын» атап өтті.
Еске салайық, 2022 жылдың 5 шілдесінде НАТО-ға мүше мемлекеттер Финляндия мен Швеция сыртқы істер министрлерінің қатысуымен екі солтүстік елдің альянсқа қосылуы туралы хаттамаларға ресми түрде қол қойды.
Құжатқа НАТО-ның барлық 30 елінің және Швеция мен Финляндияның өкілдері қол қойды. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен құжатқа қол қойған Финляндия мен Швеция Сыртқы істер министрлері өз сөздерінде бүгінгі күнді «тарихи» деп атады.
Олар екі елдің альянсқа қосылуы олардың қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жалпы НАТО қауіпсіздігін де нығайта түсетінін атап өтті. Отырыста Ресей туралы тікелей айтылмағанымен, бірақ дәстүрлі бейтарап екі елдің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу туралы шешім қабылдауының басты дәлелі Ресейдің Украинаға басып кіруі болды. Енді Ресей мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы шекара 1325 шақырымға ұлғайды.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті
Abai.kz