Бейсенбі, 31 Шілде 2025
Жаңалықтар 1703 0 пікір 30 Шілде, 2025 сағат 20:43

Семсерлесу: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді

Сурет: zakon.kz сайтынан алынды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді. 

Бүгін семсерлесуден ұлттық құрама Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы — Италия құрамасын жеңді.

Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде отандық спортшылар тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мемлекет басшысының отандық спортқа шетелдік мамандарды тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында осы жылдан бастап семсерлесуден ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрамаларда беделді бапкерлер мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Туризм және спорт министрлігі отандық спортқа халықаралық тәжірибені енгізу, ел спортшыларының біліктілігін арттыру, жүлде көрсеткішін жақсарту және спорт саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

Abai.kz

0 пікір