Сәрсенбі, 1 Шілде 2026
«Соқыр» Фемида 112 0 пікір 1 Шілде, 2026 сағат 15:10

Аладоптан шыққан айқай-шу...

Сурет: Tengri.kz сайтынан алынды

Оңтүстік Кореяның ұлттық құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмағандықтан, бас бапкері қызметінен кетті.

Команда алдынғы үштікке енуге дәмелі еді, бірақ бұл үміт өткен сенбіде (27 маусым) бір жолата үзілді.

Жарыстан күні бұртын шығып қалу ел ішінде қатты сынға ұшырады, президент Ли Чжэ Мён команданың көңіл көншітпейтін ойынына тексеру жүргізуді талап етті. Бас бапкер Хон Мён Бо өткен жексенбіде (28 маусым) жанкүйерлерден кешірім сұрап, «жауапкершіліктің толығымен өзінің мойнында» екенін мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әлеуметтік желіде бас бапкерге қарсы «көзіңді құртамын» деген жазбалар көбейген. Оңтүстік Корея полициясы Хон Мён Боға өлім қаупі төнгендіктен, Инчхон әуежайында және басқа жерлерде қауіпсіздік бақылауын күшейткен.

ФИФА ерлер футбол рейтингінде 32-ші орында тұрған  Оңтүстік Корея құрамасы әлем чемпионатында екі жеңіліс пен бір жеңіске жетіп, ақыр аяғында Мексикадан (15-ші) және Оңтүстік Африкадан (60-шы) кейін қалды.

Оңтүстік Корея өткен бейсенбідегі (25-ші) соңғы матчында Оңтүстік Африкадан 0-1 есебімен жеңіліп, сынға ұшырады.

Соңғы екі жыл бойы команданы басқарған Хон Мён Бо жанкүйерлердің сынына қалды. Дүйсенбіде ұлттық құраманың ресми жанкүйерлер клубы «Қызыл шайтандар» Хонның «ұлт алдында тізе бүгіп, футбол әлемінен мәңгілікке кетуін» талап ететін мәлімдеме жасады.

Жексенбіде Мексикада өткен баспасөз мәслихатында Хон: «Біз жанкүйерлер күткен нәтижелерді көрсете алмадық», - деді.

Ол: «Мен ұлттық құрамадан кетсем де, футбол саласынан толығымен кетпеймін. Мен ұлттық құрамаға шын жүректен жанкүйер боламын және команда тағы да халықтың сенімі мен сүйіспеншілігіне ие болады деп үміттенемін», - деді.

Оған дейін президент Ли Чжэ Мён бұл күтпеген нәтижеге «таң қалып қана қоймай, сонымен қатар оны абсурд деп тапқанын» мәлімдеген.

Ол X әлеуметтік медиа платформасында команданың ерте кетуі «ұйымдастырушылық және кадрлық кемшіліктерге байланысты сияқты» деп жазды.

Хон Мён Боның тағайындалуы әуелде-ақ дау тудырған еді. Бұрынғы қорғаушы 2002 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Кореяны жартылай финалға алып шығып, ұлттық қаһарманға айналған еді. Дегенмен, ол 2014 жылы бас бапкер болып тағайындалған кезде, команда плей-офф кезеңіне өту былай тұрсын, бірде-бір ойында жеңіске жете алмады.

Оның 2024 жылы бас бапкерлікке қайта оралуы қатты наразылық тудырды. Көптеген жанкүйерлер  Корея футбол қауымдастығының (КФА) шешімін сынап,  қатаң іріктеу процестерінен өткен бірнеше шетелдік үміткерлерді қабылдамағанына наразылық білдірді.

Хон Мён Бо жексенбі күнгі мәлімдемесінде: «Мен әрбір шешім дұрыс болды деп айта алмаймын, бірақ менің әрбір шешімім корея футболының мүдделеріне негізделгенін айта аламын» деп ақталды.

Abai.kz

0 пікір