Роман Скляр: Үй сатып алушылар үшін жаңалық

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа Салық кодексінің тұрғын үй нарығына әсері туралы пікір білдірді.
Журналистер "Келесі жылы тұрғын үй бағасы қымбаттап кетпей ме?" деп сұрады.
"Жаңа Салық кодексі қарапайым азаматтарға ешқандай әсерін тигізбейді. Өз баяндамамда айтып кеткенндей, биыл 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй бағасын нарық реттейді. Алайды мемлекеттің тапсырыс беруші ретінде жеке құрылыс компанияларынан тұрғын үй сатып алуы шамамен 10 жыл ішінде белгілі бір әсерін береді. Бізде тұрғын үй бағасы қымбат емес. Мен осы тұста бизнес немесе элиталық санаттағы емес, нақты эконом санатындағы тұрғын үйлер туралы айтып отырмын. Бұл сегменттегі баспана бағасы өз құнына сай. Бағаның күрт құбылуы күтілмейді", – деді Роман Скляр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі де вице-премьердің сөзін құптады.
"Ешқандай үлкен өзгерістер болмайды. Әлеуметтік баспана бағасының мәселесі біздің ерекше бақылауымызда болады", – Ерсайын Нағаспаев.
Abai.kz