Қытайда қауіпті вирус тарап жатыр

Қытайда қауіпті вирус тарап жатыр. Ол кемі бес мың адамнан табылған.
Қытайдың Гуандун провинциясында вирусты 2800-ден астам адам жұқтырғаны анықталған. «Чикунгунья» дірілдек вирусы маса арқылы тарайды. Ол ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Соның ішінде, қызу көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзянкунь вирустың таралуы бақылауда екенін мәлімдеді. Ол шетелдік туристер үшін ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.
«Чикунгунья» вирусы тарау аймағы негізінен Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы арнайы ем жоқ дейді. Шашамен 5,6 миллиард адам вирусты жұқтыру қауіпі бар аймақта өмір сүреді.