Дүйсенбі, 11 Тамыз 2025
Әне, көрдің бе? 209 0 пікір 11 Тамыз, 2025 сағат 13:30

Байбек қандай «кепілдік» сұрап жүр?..

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Бауыржан Бәйбек Қазақстанға оралу үшін гарантия сұрауды ойластыруда Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Бәйбек елге қайту үшін Бас Прокуратураны жағалай бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның сөзінше, Бәйбекке «егер елге қайтса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпайды» деген нақты кепілдік керек сияқты.

«Бауыржан Бәйбекке ешкім Қазақстанға оралуға тиым салған жоқ. Және құзырлы органдар оның қылмыстық істің орбитасында жоқ екенін хабарлаған болатын. Бірақ ол «қызыл тізімге» ілініп қалуға қорқады. «Ескі Қазақстанның» көптеген ықпалды тұлғалары қазір қызыл тізімде болғандықтан Қазақстан аумағын тастап шыға алмай, қоршауда қалып қалды», - дейді, дереккөз.

Қызыл тізімдегі адамдарға Қазақстан аумағын тастап кетуге шектеу қойылған. Яғни олар елден шыға алмайды. Оларға қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаса да, болашақта сұрақтар туындауы мүмкін деген позиция бар. Сондықтан Бауыржан Бәйбек Қазақстанға келсе, бұдан кейін шетелге шыға алмай қалуы мүмкін.

«Бәйбекке қызыл тізімге ілінбейді деген гарантияны ешкім бермейтін сияқты. Бас Прокуратураның онымен байланыс орнатуға мүлде ниеті жоқ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де Бәйбекті келіссөздер жүргізуге тұратын лайықты тұлға деп санап отырған жоқ. Басты себебі – заңсыз активтерді қайтару ісінде Бауыржан Бәйбектен мемлекетке ешқандай пайда келмейтіндігінде деп ойлаймын», - деп түйді, дереккөз.

Бұған дейін біз Бауыржан Бәйбектің соңғы жылдары Кипрде тұрақтағанын жазған болатынбыз. Бірақ ол Еуропаға жиі сапарлап жүр. Оның шетелде криптавалютамен айналысып көргені туралы инсайд та пайда болған. Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалып жатса, ол екі бағытта жүруі мүмкін. Біріншісі, «Стати дауы» бойынша құрықталып, 9 жылға сотталған бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың тергеудегі біршама «показаниесі» Бауыржан Бәйбекті құрықтықтауға себеп бола алады. Екіншіден, оның әкім болған уақытында Алматыдағы бағалы жер телімдерін үлестіру бойынша біршама потенциалды жемқорлық фактілері жиналып қалды. Қауіпсіздік комитеті кез келген уақытта бұл фактілерді қылмыстық іске айналдыра алады.

Abai.kz

0 пікір