Жұма, 3 Қазан 2025
Қоғам 2400 0 пікір 20 Тамыз, 2025 сағат 20:28

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан жалған ақпарат тарауда

Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен алынды.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер!

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 464
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 7782
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 459