Әскерге шақыру SMS ресми хабарламамен жіберіледі

Бұдан былай әскерге шақыру туралы телефонға келген SMS ресми хабарлама болып есептеледі.
«Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілгелі жатыр.
Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Онда «әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, әскерге шақыруды кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы іске асыруға, әскери қызметке жататын азаматтардың телефон нөмірлеріне SMS-хабарламаны хабарландырудың тиісті түрі деп танытуға бағытталған» делінген.
Құжат жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.
Еске салайық, былтыр жыл соңында әскерге шақыру, босату және кейінге қалдыру SMS-хабарлама арқылы жеткізілетіні айтылған.
Abai.kz