Сәрсенбі, 3 Қыркүйек 2025
Жаһан жаңғырығы 406 0 пікір 3 Қыркүйек, 2025 сағат 13:26

Бейжіңнің әскери айбаты: Сап түзеген сарбаздар мен жойқын қару-жарақтар...

Суреттер: Ақорда және bbc.com телеграм арналарынан алынды.

Қытайда әскери шеру өтті. Бұл Қытай тарихындағы ең ауқымды әскери шеру саналады.

Әскери парад Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Әскери парадт Бейжіңдегі әйгілі Тяньаньмэнь алаңында өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен аталған шараға арнайы шақырылған өзге де шетелдік басшылар әскери парадтан соң, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.

Бұл парадта Қытай Халық азаттық армиясы дәстүрлі әскер түрлері мен Қарулы күштердің жаңа бөлімшелерін таныстырды. Бұл жолы парадта ҚХР аэроғарыш және кибер әскерлері алғаш рет сап түзеді.

САП ТҮЗЕГЕН САРБАЗДАР ҺӘМ ЖОЙҚЫН ҚАРУ-ЖАРАҚТАР...

Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері және Зымыран күштерінен басқа, парадта алғаш рет 2024 жылы құрылған Қарулы Күштердің жаңа бөлімшелері – Аэроғарыш күштері, Киберғарыш күштері, Ақпараттық қамтамасыз ету күштері және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері қатысты.

Қытай сонымен бірге, бүкіл планетаны айналып ұшуға қабілетті радиусы бар «DF-5C» стратегиялық ядролық құрлықаралық зымыранын көрсетті.

Бейжіңдегі парадта Қытай әлем назарына өзінің заманауи техникалары мен қару-жарақтарын көрсетті.

Сонымен, Бейжіңнің сесі болған қандай қарулар? Қараңыз:

* Қытай жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды – «DF-5C-ді» көрсетті, оның ұшу қашықтығы бүкіл жер шарын қамтиды;

* Әуе базасында қолданылатын баллистикалық зымыран – «JL-1»;

* Құрлықаралық қашықтықтағы суасты баллистикалық зымыран – «JL-3»;

* Жаңа нұсқадағы жерүсті МБР – «DF-31»;

* Сондай-ақ суасты дронын – «AJX002» және лазерлік қаруды таныстырды.

Бұл жолы Қытайдағы парад пен ШЫҰ саммитінің жиындарына Ресей президенті Владимир Путин, Солтүстік Корей басшысы Ким Чен Ын, Үндістан премьері Нарендра Моди, Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари бастаған ядролық держава басшылары барды.

Бұл әлбетте АҚШ тарабының алаңдаушылығын тудырды. БАҚ: «АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға қонаққа барған КХДР және Ресей басшыларына шүйлікті. Трамп Қытайды, Ресей мен Солтүстік Корейді АҚШ-қа қарсы астыртын әрекет жасауда айыптады. «Си, өтінемін, Сендер Америка Құрама Штаттарына қарсы қастандық ойластырып жатқанда Владимир Путин мен Ким Чен Ынға менің ең ыстық сәлемімді жеткіз!», – деп жазды Трамп», - деп хабар таратуда.

ФОТОБАЯН

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Сурет: bbc.com телеграм арнасынан алынды.

Сурет: bbc.com телеграм арнасынан алынды.

Сурет: bbc.com телеграм арнасынан алынды.

Сурет: bbc.com телеграм арнасынан алынды.

Сурет: bbc.com телеграм арнасынан алынды.

Abai.kz

0 пікір