Жұма, 5 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 1252 0 пікір 4 Қыркүйек, 2025 сағат 23:17

Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бүгін, 4 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамаларының кездесуі өтіп жатыр.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Стадионға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін 30 мыңнан астам жанкүйер жиналып, алғашқы минуттардан-ақ ерекше атмосфера қалыптастырды. Олардың арасында астаналықтардың көзайымына айналған алып қуыршақ Тазабек те болды. Оның келгенін көпшілік бірден байқап, жанкүйерлер ұлттық құраманы бірге қолдады. Жанкүйерлер Тазабекті елорданың символдарының бірі деп атады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Стадиондағы көңіл күй ерекше энергияға толы: жанкүйерлер Қазақстан құрамасына бар ықыласымен қолдау көрсетіп, матчты нағыз футбол мерекесіне айналдыруда.

Abai.kz

0 пікір