Жұма, 12 Қыркүйек 2025
Сауалнама 275 0 пікір 12 Қыркүйек, 2025 сағат 14:05

2025 жылы халықтың назарында болған депутаттар кімдер?

Сурет: turaninfo.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстандағы ең жоғарғы заң шығарушы органы, екі палаталы парламенті. Сенат атты жоғарғы палатасы және Мәжiлiс атты төменгі палатасынан тұрады.

Басшылығы:

Сенат төрағасы ‑ Мәулен Әшімбаев, («Аманат» партиясы)

4 мамыр 2020 жылдан бері.

Мәжіліс төрағасы ‑ Ерлан Қошанов, («Аманат» партиясы)

1 ақпан 2022 жылдан бері.

Құрылымы:

Сенат фракциялары: Партиясыз: 50 депутат

Мәжіліс фракциялары: Аманат - 62 депутат; Ауыл ХДПП - 8 депутат;      Ақ Жол ДП - 6 депутат; Respublica - 6 депутат; ҚХП - 5 депутат; ЖСДП - 4 депутат. Партиясыз: 7 депутат.


Президент Қ.К.Тоқаев өзінің 2025 ж. Қазақстан халқына Жолдауында болашақта еліміздегі парламенттік жүйедегі өзгерістер болатыны туралы айтты: Екі палаталы парламент таратылып, орнына бір палаталы парламент жасақтау керектігін ұсынды.

Бұл - қазақстандықтар көптен бері күтіп жүрген шешім болатын.

Дегенмен, қоғамда парламентке қатысты өзге де сұрақтар жеткілікті.

Мәселен, «кәсіби парламентаризм» мәселесі әлі де өткір сұрақтар қатарында.

(Ежелгі Грек философы заманында «Парламентке кім көрінгенді емес, білімді адамдарды сайлау керек» деген сөзі үшін, Афины қаласының депутаттары оны өлім жазасына кескен еді).

Міне, Сократтың осы сөзі бүгінгі Қазақстанда да өзекті болып қалуда. Өйткені, Н.Назарбаев кезінен  «Парламент тек авторитарлы биліктің нотариусы қызметін атқаруда» деген пікір әлі де бар. Неге десеңіз, бүгін де көп депутаттар Мәжіліске не үшін келгенін өздері де білмейтіндей болып көрінеді ‑ үнсіз. Олардың «қызметі», егер, бар болса, «санаулы депутаттар көтеретін мәселелерді тыңдау» ғана сияқты...

Қаншама жасырсақ та, бүгінгі «депутаттық шындық» осы!

Мұны қалай түзейміз?

Ол үшін қоғам не істеуі керек?..

Осындай сұрақтар легі көбеймесе, азаятын түрі жоқ...

Бүгін біз осы мәселені зерделеу мақсатында алғашқы сұрақтарды жариялап отырмыз. Мұнда «Депутат белсенділігі қандай?» деген сұраққа жауап алсақ дейміз. Ал, болашақта «Қандай адам депутат болмауы тиіс?»  деген сұрақты да көтерсек дейміз...

Біз осы сұрақтар арқылы қоғамға «Депутат деген кім?» деген ой тастау қажет деп санаймыз. Сонымен, сіздерді төмендегі екі сұраққа жауап беруге шақырамыз. Респонденттерге алдын ала алғыс айтамыз:

Сауалнамаға қатысу үшін: Usbanov ARNASY телеграм арнасына кіріп, сауалға жауап беріп, пікір жазыңыздар.

1) Сілтемені басасыз...

2) Әрі қарай, сауалнамаға барып, пікір жазыңыз...

Abai.kz

0 пікір