Жұма, 19 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 523 0 пікір 19 Қыркүйек, 2025 сағат 20:41

Танымал әнші Амре халықаралық байқауда ерекше қойылым көрсетпек

Сурет: instagram.com/amre_official алынды.

Қазақстандық әнші Амре халықаралық “Интервидение – 2025” байқауында “Дала таңы” композициясын орындайды.

Бұл ән ұсынылған 10 нұсқаның ішінен таңдалған. Музыкасын орындаушының өзі жазса, сөзін ақын Саят Рахымжанов қаламға алған.

Байқаудағы Амренің нөмірі ерекше болмақ. Өнер иесімен бірге сахнаға сегіз жасар Жасмин Қайратқызы шығады. Ол – қазақстандық делегацияның ең жас мүшесі. Арнайы кастингке қатысқан 100 үміткердің ішінен Жасмин үздік танылды. Қойылымның толық мазмұны әзірге құпия сақталуда, алайда өзге елдердің қатысушылары нөмірге жоғары баға берген.

Бұл ән тек осында ғана емес, қатысушылардың барлығының жүрегін жаулап алды. Олар әуенін бірге айтып, сүйсіне қабылдап жатыр. Біздің басты мақсатымыз – бұл туынды Қазақстанда да хитке айналуы. Ол Отанға деген махаббатты паш ететін патриоттық әндердің көшбасшыларының бірі болсын дейміз, - деді Қазақстан делегациясының бас продюсері Алтынбек Рахметов.

Байқауға 23 елдің орындаушысы қатысып жатыр. Финалды 20 қыркүйек күні сағат 22:30-да “Еуразия бірінші арнасы” тікелей эфирде көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір