Ресей Полшадан кейін Естонияны нысанаға алды

Естония тараптың таратқан мәліметі бойынша, кеше Ресейдің 3 МИК-31соғыс ұшағы Естония әуе кеңістігіне баса көктеп кірген. НАТО мен Еуроодақ олардың бұл әрекетін жаңа арандату деп бағалап қатаң айыптады. Кремль тарабы әлі жауап қайтарған жоқ.
Өткен аптада ғана Полша жағы Ресейдің 20 дронының ел аумағына сұғанақтық жасағанын айтқан еді, Ресей тарабы оны мойындамады.
Естония Сыртқы істер министірі бұдан бұрын Ресей ұшақтарының 4 рет ел аумағына заңсыз кіргенін, бұл жолы тіпті әлінен асқанын, кеңістікте 12 минут тұрғанын атап өтті. Еуроодақ Сыртқы істер министрі Каллас та Ресей тарабының бұл жолғы әрекетінің қауіпті сигнал екетінін атап өтіп, жағдайды одан ары ушықтыратынын баса айтты.
Жағдайдан кейін Балтық теңізіне орналасқан Италияның F-35 соғыс ұшағы Орыс үшақтарының алдын кес-кестеп ескерту жасап, НАТО аумағынан қуып шыққан.
АҚШ Президенті Трамп Англияға сапары кезінде Путиннен көңілі қалғанын жеткізген еді. Оның алдында Полша туралы да "мейлі ол дрондар ресейдікі болсын, болмасын, ол арада қарасын көрсетпеуі керек" деген еді.
Еуроодақ Ресейге қарсы 19-кезекті санкциясын дайындап, дауысқа салуға әзірленіп жатқаны белгілі. Зеленский айтқандай Кремльдің кезекті әрекеті НАТО елдерін өздері ойлағандай екіұдай қылудың орнына, керісінше біріктіре түсетіні, әскери қырағылықты күшейтуге итермелейтіні анық.
Abai.kz