Дүйсенбі, 22 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 113 0 пікір 22 Қыркүйек, 2025 сағат 14:30

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Сурет: qandastar.kz сайтынан алынды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президенттің АҚШ-тағы сапары аясында өткен маңызды келіссөздер жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы әлемдегі ең көне ғылыми орталықтардың бірі – Смитсон институтының басшылығымен кездесті. “Болашақ” бағдарламасы арқылы қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер осы беделді орталықта білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Смитсон институты – әлемдегі ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешені. Оның құрамында 21 мұражай мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы бар. Қазақстандық ғалымдар үшін бұл жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады, – деп жазды министр Telegram-дағы каналында.

Сонымен бірге ETS (Educational Testing Service) ұйымының басшылығымен келіссөздер жүргізілген. Саясат Нұрбектің айтуынша, осы ұйым сарапшыларының қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылып, ҰБТ жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес түбегейлі жаңартылады.

ETS – тестология саласындағы ең беделді ұйым. Олардың тәжірибесі негізінде Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі терең жаңғыртылады, – деді министр.

Abai.kz

 

0 пікір