Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 1917 0 пікір 26 Қыркүйек, 2025 сағат 14:02

Жылыту маусымы Алматыда қашан басталады?

Сурет: Qaz365.kz сайтынан алынды.

Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылу алдымен балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге, әлеуметтік ұйымдарға берілетінін хабарлады. 

Одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер қосылады. Үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар қамтылады. Ең соңында өзге де нысандарға жылу беріледі.

— Жылыту маусымын бастау туралы шешім бес тәулік бойы сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған жағдайда қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан.

Жылуға қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, тұтынушыларға жылуды үздіксіз жеткізу талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 538
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 795