Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Анық-қанығы 133 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 16:03

Мойынты асуы алынды. Алда Қызылжар!

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның көлік-логистика саласында тарихи қадам жасалып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты. Осы желі Қытайдан Еуропаға теміржолмен тауар тасуды 5 есе арттыра алады. Қазақстанның транзиттік табысы да бес есе өседі деген сөз. Және ең басты фактор бар. Жүкті жеткізу уақыты бірнеше тәулікке қысқарады.

Достықтан шыққан екінші желіні Мойынтыға дейін апардық. Енді алдымызда одан кем емес ауқымды міндет тұр. Біз осы темір даңғылды Мойынтыдан Қызылжар бекетіне дейін созу керекпіз. Сонда Үрімшіден шыққан вагондар Ақтауға тікелей тартуға мүмкіндік алады. Жаңа бағытпен пойыздар айналып барып Жарық станциясына соқпай, Мойынтыдан Қызылжарға тіке шықпақ. Бұдан бір тәулік қысқартамыз.

Қазақстан "Достық-Қызылжар" ТЖ магистралін салып біткеннен кейін Қытай өзінің негізгі құрлық экспорты жолын Орта дәлізге бұруға ниетті. Польша, Эстония шекараларында проблема болып жатыр. Дәл осы кезде еліміз транскаспий арқылы ең лайықты жол ұсына қоймақшы.

Қазақ елі тез арада 5 мың шақырым жаңа теміржол салып, 10 мың шақырымнан астамын жаңғыртпақ. Ішкі және сыртқы инвестмәселені шешіп тастады. Жуырда ғана АҚШ-тың Wabtec компаниясымен 4,2 миллиард долларлық келісім жасалды. Енді жаңа буынды 300 локомотив Қазақстанда құрастырылып, сервис те осында көрсетіледі. Бізге вагондарды сүйрейтін локомотивтер көп керек болып тұр еді. Олар болмаса теміржолдан еш пайда жоқ.

Президенттің логистикаға жасанды интеллект пен цифрлық технологияны енгізу туралы айтқаны кездейсоқ емес. Себебі ХХІ ғасырда жүк тасымалы тек рельсте ғана емес, алгоритмдер мен деректер ағынында шешіледі. Қазақстан дәл осы кезеңде тарихтың жаңа есігін ашты.

Енді Мойынтыдан басталған жол бізді қайда апарады? Жаһандық транзиттің жүрегіне ме, әлде жаңа геосаяси текетірестердің қақ ортасына ма? Себебі біз геосаяси салмағы тым ауыр мемлекетке айналып барамыз.

Айбар Олжаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 404
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6258
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 382