Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3318 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:10

Қызылқоғаға газ келді

Қызылқоға - Атырау облысының солтүстік шығысында,  облыс орталығынан шалғайда орналасқан, республикамызға  ауыл шаруашылығы саласымен танымал аудандардың бірі. Аудан экономикасының басты саласы да мал шаруашылығы. Құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзге аудандарға қарағанда  Қызылқоғаның инфрақұрылымы кенжелеп қалғаны жасырын емес.  Шалғайдағы халықтың жағдайын жете түсінген облыс басшысы Б.Рысқалиев Қызылқоға өңіріне табиғи газ тарту жұмысын тікелей қолға алып, жүзеге асуына жол ашты. 2008 жылы Орта-Азия-Орталық  магистральды құбырының 735-ші кіндігінен 179 шакырымдық жобаның алғашқы құбырлары тартылды. Атырау облысының әкімияты энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Жайсаңов Бауыржан Жеңісұлының  мәлімдеуінше биыл ауданның 16 елді мекеніне газ құбыры тартылып, жалпы Атырау облысы бойынша газификациялау ісі 86 %-ға орындалмақ.

Осы жоба барысымен жете таныспақ ниетпен Қызылқоға ауданына арнайы сапармен барып кайттық. Аудан әкімі Б.Ж.Сәрсенғалиевтің айтуы бойынша, биыл ауданның 70 %  табиғи газ қосу мүмкіндігіне ие бола алады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында   аудан тұрғындары газ көзіне қосылмақ. Игі іс елбасының көреген саясатымен, облыс басшысының ұйымдастыруымен  жүзеге асып отыр. Ал, 2010 жылы Қызылқоға толықтай газдендіріліп, халық игілігін көреді деген үмітте.

Өткен жылы газдендіру жұмыстарына 5 млрд. теңге қаржы жұмсалып, нәтижесінде Қарабау селосына дейін 30 шақырымдық құбыр тартылып, тәулігіне 720 мың текше метр газ беретін қуатты автоматты газ тарту стансасы салынған. Осы сәттерден бастап-ақ  арманнан - шындыққа айналған көгілдір отынды тұтынарына халық сенімділік білдіре бастады. Ал, газ құбырлары село ішіне тартыла бастағанда халықтың қуанышында шек болмады. 2009 жылы бұл жобаға 12 млрд. 801 млн. 089 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда Қызылқоға өңірінде "АТГ Құрылыс" және "АтырауТрансГазЛТД" ЖШС-тері газдендіру жұмыстарын жүзеге асыруда. "АТГ Құрылыстан" 80 адам, "АтырауТрансГазЛТДдан" 435 адам осы іске жұмылдырылуда. Ауданның әрбір селосында мердігер мекемелердің бригадалары өз істерін қарқынды жүргізуде. Аудан әкімінің тапсырмасымен, ауыл әкімдері селоның картасын жасқтап құбырдың тартылу жолдарын қатаң бақылауға алуда. Назардан тыс қалған үйлер жоқтың қасы.  Сонымен қатар, газ тартатын үйлер саны және төлем қабілеттіліктері, қажетті материалдар көлемі мен материалдар алу қабілеттіліктері жете анықталған. Зерттеу барысында  газ жүргізілген ауылдар жалпы 70 %-ды құраса, оның ішінде 40% ғана газ тартуға жағдайы жеткілікті жанұялар. Газ жүргізуге кедергінің бірінші себебі, көптеген үйлерде жылу жүйесі жүргізілмеген, екіншіден, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, үшіншіден тұрғын үйлердің жылу пештерінің самантастан салынғандығы. Зерттеу көзіне сүйенсек, аудан халқы толықтай газ көзіне қосылу үшін  29911 жылу батареясы, 237992 жылу тұрбасы, 7845 жылу қазаны, 14796 винтель, 47828 сгонь қажеттігі анықталған. Осы материалдармен халықты сабылтып, алыстан арбалатпай-ақ қамтамасыз ету үшін аудан әкімі жергілікті жеке кәсіпкерлермен келісе отырып, Қаракөл мен Жасқайраттан дүкен ашуды жоспарға алып отыр. Баға тұрақтылығын бақылауда әрдайым аудан әкімінің назарында болмақ. Мердігер мекемелердің жұмысы орта және төмен қысымды құбырды тартып берумен аяқталады. Тұрғын үйге газ жүргізу жұмыстарын лицензиялы мекемелер тартады. Бүгінгі таңда аудан әкімшілігі арнайы мекеме басшыларымен кездесіп, ортақ келісіммен жұмыс атқаруды көздеп отыр.

Біздің ол мекемелерге  тендер жариялауға құқығымыз жоқ. Дегенмен де, олардың сапасыз жұмыс атқаруына жол берілмейді. Аудан тұрғындарына қызмет көрсететін мекемелерімізге қоятын талаптарымыз бар. Біріншіден, әрине сапалы жұмыс, екіншіден бағаның көңілге қонымдылығы (бағаны үйдің көлемі, селоның орналасу қашықтығына т.б жағдайларға байланысты есептеледі.- авт.) және газ жүргізген тұрғын үйдің иесін облыс орталығына жүгіртпей-ақ, техникалық шартты дайындап беруі талап етілді,- деді аудан әкімі Б.Ж.Сәрсенғалиев.

Аудан әкімі газдендіру жұмыстарының әрбір қадамын жіті бақылауда. Атап айтқанда, газ жүргізушілердің судың құбырына, жолға, бағаналарға зиянын тигізбеуге, аудан халқының алыстан материал әкелу, құжат дайындау қиындығына кезікпеуіне, халыққа табиғи газ көзін пайдалану түсінігін қалыптастыруға қолдан келген бар көмегін аянып жатпағаны әр сөзімен әр ісінен көрініс тапқандай.

Сонымен қатар, бюджеттік мекемелерді газға қосу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 39 мекемеге, яғни, әкімшілік аппараты, мәдениет үйі, мектеп, интернат, балабақшаларға 122,9 млн. теңге жұмсалып отыр.

Газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Самал Жексенғалиева "Облтрансгаз"  КМК-ға тың ұсыныс жасады. Елбасымыздың "Жол картасы" бағдарламасы бойынша аудандағы жұмыссыздарды көгілдір отынмен жұмыс жасайтын от жағушы мамандығына оқыту туралы ой тастады. "Жол картасы" бағдарламасына газ мамандарын оқытуды алғаш болып Қызылқоғалық басшылар енгізді. Курсқа алыстағы ауданның халқын қалаға жүгіртпей-ақ, аудан орталығынан оқытуды ұйымдастырды. "Облтрансгаздан" 2 білікті маманды ауданға шақыртып, І-кезеңде 99 жұмыссыз, ІІ-кезеңде 143 жұмыссыз оқыған. Атап айтқанда, Миялыдан-104, Жангелдиннен-28, Жасқайраттан-19, Көздіғарадан-22, Тасшағылдан-23, Каракөлден-22, Қарабаудан-5, Тайсойғаннан-10 адам, барлығы 242 жұмыссыз маманданып, жұмыссыздар саны азая түсуде.  Болашақта Сағыз және Мұқыр селоларынан 120 жұмыссызды Сағыз селосында оқыту жоспары жылдың аяғына дейін жүзеге аспақ. Кәсіби даярлау сабақтарынан себепсіз қалған жұмыссыздар дереу оқудан шығарылған.

Газ қосу, оны бақылау - жүрдім, бардым қарайтын іс емес, әр құбырдың, әр тетіктің астарында халықтың тағдыры жатыр. Сондықтан да мамандардың біліктілігін арттыруды қатаң бақылауға алу - аудан басшыларының іскерлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Сапар барысында аудан орталығы Миялы селосында газдендіру жобасына қоса атқарылып жатырған игілікті істердің куәсі болдық.  Елбасының "Жол картасы" бағдарламасы бойынша "AB Group" ЖШС Миялыда селоішілік 2,7 шақырым жол жүргізуде. Оған 216  жұмыссыз жұмысқа тартылуда. 250 орындық емхана құрылысы да өз жұмысын бастап кетті. Жыл сайын мектептерді, су құбырларын т.б  әртүрлі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңа мектеп-гимназия мен әдістемелік орталықтың ашылуы ұстаздардың ғана емес, бүкіл елдің қуанышы болды. Жуық арада ашылғалы отырған автостанцияны көріп елде үлкен ілгерілеудің бар екендігін байқадық. Миялы-Сағыз тас жолының 3 шақырымы төселіп, әрі қарай жалғасын табуы жоспарланған. Ал, Индер-Миялы тас жолын қалыпқа келтіру 2010-2012 жылдардың бағдарламасына енгізілген. Ауданның қысқа дайындық жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Сайып келгенде, аудан көркейіп, кемелденген. Осы сапарда елдің бағын ашатын тек басшы екеніне көзіміз жетті. Жақсы әкім - халқына жақын болады демекші, аудан әкімі Б.Ж.Сәрсенғалиевтің халқы үшін аянбай еңбек етіп жүргеніне куә болдық. Көп кешікпей Қызылқоға тұрғындары көгілдр отын тұтыну бақытына ие болады. Игі іс игілікке жарағай!

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Х.Досмұхамедұлы атындағы

АМУ-дің ІY-курс студенті

Атырау қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592