Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Аласапыран 165 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 12:49

Путин Трамптан қорқып қапты...

Сурет: atomiyme.com сайтынан алынды.

Әлгінде Ресейбасы Валдайға барып, көпіріп көп сөйледі. Тарихты да айтты, саясатты да сөйледі, өлеңді де оқыды. Құдды жігіт сұлтанына қатысып жатқан баладай, бар өнерін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда – Путиннің «Stand Up-ы» болды.

Бәлду-бәлду ескі касетасын жүз бұрап, бұрын айтқандарын езіп-мыжып тағы қайталады: Трампты аздап мақтап, оның комнадасын сөкті. Батысты бастан-аяқ жамандады. Арасында «Украинаға обал» деп қосып қойып, бір уақта: «Обалдары өздеріне», - деді. Онан соң әлемге ядролық бопса жасап сөйледі. Орыстың әскері мен қаруын мақтады. Қысқасы – «Бүкіл әлем біздің дұшпанымыз. Біз жаумен жалғыз күресіп, әлемде тәртіп орнатып отырмыз», - деді бас-аяғы.

«Валдай-ау, Валдай, Валдай-ау, Путиннің сөзі қандай-ау» деп әндетіп отырып қарағанда ұққанымыз 2 нәрсе:

БІРІНШІСІ: Ресей әлі соғысады. Келіссөз жуық арада болмайды. Ресейдің аресеналы әлі таусылған жоқ. «Экономикамыз өлуге айналып, ақшамыз таусылып, халқымыз аш-жалаңаш қалса да соғысамыз» деп отыр орыс патшасы.

ЕКІНШІСІ: Путин Трамптан қорқып қапты. Кешегі «истерикалық» мәлімдемелер соны аңғартты. Путиннің табаны өткенде Аляскаға тиген сәттен бастап, онда Иранның жер асты ядролық базаларын тесіп өткен АҚШ-тың жойқын соғыс ұшақтары төбесінен ұшып өткен сәттен бастап Путиннің бойын қорқыныш билеген секілді.

Әтпесе, «АҚШ Украинаға «Тomahawk» дейтін сойқан қаруды бергелі жатыр екен. Ақ үй қарсы емес екен» деген әңгімеге Путин: «Үлкен державалардың арасында келіспеушілік болатыны табиғи нәрсе. Украина американдық жойқын зымыранды өздігінен қолдана алмайды, өндіруші елдің көмегімен ғана соққы жасай алады. Ондай жағдайда АҚШ-Ресей қатынасы құрдымға кетеді», - деп мипаздап сөйлей ме? Қорықпаса, Франция, Финляндия, Украина, Швеция т.б. ЕО елдерінің басшыларын сөккені секілді Трамп туралы да қатал сөйлер еді ғой. Өйтпеді. Оның орнына: «Тomahawk» ескі болса да, қуатты қару», - деп сөйледі. Трамптың «Ресей – қағаз жолбарыс» дегеніне жәй ғана: «Сол қағаз жолбарыспен алысып көріңдер», - деді. Трамптың өзі туралы: «Онымен кездесуіміздің өзі үлкен жетістік. Біз бос әңгімелескен жоқпыз, соғысты реттеудің жолдарын талқыладық», - деп сөйледі.

Осы екі жағдай Путиннің Трампқа ашық агрессия көрсете алмайтынын, онымен санасатынын, санаспаса болмайтын хәлде екенін көрсетіп берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 665
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9359
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 735