Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Жаңалықтар 182 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 20:25

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова қатысты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бүгінде елімізде шамамен 680 мың студент білім алуда. Кездесу барысында қатысушылар студенттерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, әлеуметтік белсенді жастарға білім гранттарын бөлу, жеңілдік санатындағы студенттерді қолдау, волонтерлік қызметті дамыту және педагог-психологтарды даярлау тақырыптары қозғалды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жүйелі өзара байланыстың маңызын атап өтті. Ашық диалог пен бірлескен шешімдер білім сапасын арттыруға және жастардың мемлекеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Бұл кездесу орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен азаматтық сектор арасындағы кездесулер сериясының жалғасы. Мұндай форматтағы диалог өзара сенімді нығайтуға, ашықтық пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 677
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9383
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 759