Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды

2023–2024 жылдар аралығында «А» есімді азамат басшылық еткен қылмыстық топ «Telegram» әлеуметтік желісі арқылы аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтап, сатып келген.
Топ мүшелері Шымкент қаласында есірткі зертханаларын ашып, прекурсорларды пайдалану арқылы есірткі заттарын өндірумен, сатумен айналысқан.
Арнайы операция жүргізу барысында қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталып, олардан 3 кгаса психотроптық заттар, зертхана жабдықтары мен қаражаттар тәркіленді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19.09.2025 жылғы үкімімен аталған азаматтар қылмыстық топ құру және оған қатысу, сондай-ақ аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату, дайындау, өңдеу және сақтау, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру фактілері бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Abai.kz