Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өндіріс ашады

Италиялық Chicco бренді Қазақстанда өз өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында орналасады.

Ұйымдастырушылардан алынды
Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің жаңа Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, UNITED HYGIENE зауытының базасында Chicco маркасымен балалар жөргектері мен ылғал сүлгілер шығарылады.
«Халықаралық брендтің келуі – шетелдік инвесторлардың өңірге деген жоғары сенімінің көрінісі. Алатау қаласы әлемдік компаниялар өз болашағын көретін өндірістік орталыққа айналуда», – деді облыс әкімі.
Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңге. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде 200–250 жаңа жұмыс орны ашылады.
Зауыттың сапалы өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Ресей, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан елдеріне экспортталатын болады (экспорт үлесі – 50%).
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жоба өңір экономикасын нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Abai.kz