Сейсенбі, 14 Қазан 2025
Жаңалықтар 137 0 пікір 14 Қазан, 2025 сағат 14:04

Министрдің есебі: Бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге...

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 869
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10043