Сейсенбі, 14 Қазан 2025
Жаңалықтар 131 0 пікір 14 Қазан, 2025 сағат 14:08

11 өңір ғана нысаналы көрсеткішке қол жеткізді

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

11 өңір ғана нысаналы көрсеткішке қол жеткізді: Олжас Бектенов әкімдерге Өңірлік инвестициялық штабтар жұмысын күшейтуді тапсырды.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына назар аударды. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инвестиция тарту жоспары 93,3%-ға орындалды. Бұл ретте 20 өңірдің ішінде тек 11 өңір ғана нысаналы көрсеткішке қол жеткізді.

«Инвестицияларды қолдаудың қолда бар тетіктеріне қарамастан, 9 өңір жоспарлы көрсеткіштерді орындай алмады. Бұл жағдай әкімдер төрағалық ететін Өңірлік инвестициялық штабтар жұмысында олқылықтардың барын көрсетеді. Әр жобаға басынан аяғына дейін жеке қолдау көрсету және олардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Сыртқы істер министрлігіне, салалық министрліктер мен әкімдіктерге инвестициялық жобалар тарту және қолдау жұмысын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Премьер-министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 869
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10043