Сәрсенбі, 15 Қазан 2025
Алашорда 259 0 пікір 15 Қазан, 2025 сағат 13:51

Мұхтар Әуезовтің музасы болған арулар...

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Білетіндердің айтуынша Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов әйелдерге немқұрайды қарамаған жан. Мұхаңды жақсы көрген әйелдер де аз болмаған сияқты... Бұл бір үлкен шығармаға жүк боларлық тақырып.

Мұхтар Әуезов өмірінде үш рет үйленген. 1917 жылы атастыру салты бойынша ол 15 жастағы Райхан есімді бойжеткенге үйленеді. 1918 жылы Мұғамиля есімді қыздары дүниеге келеді. Мұғамиля апа 90 жыл өмір сүрді.Ал Райханнан туған Шоқан есімді баласы ерте қайтыс болып кеткен.

Өкінішке орай, Мұхтар Әуезов Райханмен көп тұрмайды. 1920 жылы екі жас ажырасып, ол сүйікті қызын өзімен бірге алып кетеді. Одан кейін Абайдың немересі ,Мағауияның қызы Кәмиләға үйленеді.Оқыған кербез қызға қолқа салу үшін Ділдәға жалынып-жалпайып, араға ағайын-туыстарды араластырып, тоғыз дүре сыбағасын алып, әйтеуір не керек, арманы Кәмилаға қол жеткізіп, отау тігеді. Екеуі қол ұстасып Ленинградқа барады. Ленинградтың ауа-райы Кәмиланың денсаулығына жаға қоймағандықтан Мұхтар оны елге жібереді. Кәмиләдан Мағрипа,Зере атты екі қыздары болып, олар жастай шетінеп кеткен. Өкінішке орай Мұхтар мен Кәмилә да ұзақ тұрмай ажырасады .Кәмила 1926 жылы өкпе ауруынан дүние салады.

Мұхтар Әуезов Ленинград мемлекеттік университетінде оқып жүріп болашақ әйелі Валентина Николаевна Кузьминамен (кейін Әуезова) танысады. Екі жас оқу бітірген соң Ташкентке қоныс аударып, ол мұнда Ортаазиялық университеттің аспирантурасына түседі. Осылайша бұл некеден 1929 жылы Лейла есімді қызы, ал 1935 жылы Ернар есімді ұлы дүниеге келеді.

Данышпан жазушының заңды некеде болған осы үш жары- Райхан, Кәмила, Валентинаны көпшілік біледі. Ал Ұлы жазушының музасы болған басқа әйелдер кімдер?

Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров , Мұхтар Әуезов сынды алаштың үш арысының музасы болған Фатима сұлу Ғабитовамен заңды некеде болмаған. Фатима Ғабитова Мұхтар Әуезовке Мұрат есімді ұл сыйлаған.

Өкінішке орай, Мұхтар Әуезовтың балаларының ішінде қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі

Сонымен ,АҚҚАЛ, ГҮЛБАН, КҮЛӘН, МӘСПЕН, ОРАЗКЕН, ОЛЬГА, НАДЯ ЖӘНЕ ФАТИМА…

Табиғатынан қатаң тәртіптің адамы болғанымен жазушы нәзік жандылармен байланыста мейірімді,жұмсақ болған сияқты.

Ал жазушының соңғы махаббаты түркі тілдес елдердің әйелдері арасынан бірінші болып филология ғылымынан докторлық диссертация қорғаған қазақтың тұңғыш ғалым қыздардың бірі - Аққал ХАСЕНОВА деседі білетіндер…

Риза Молдашева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 889
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10091