Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Абай.tv 163 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 12:43

Депутат: Қоғамдық палата – ашық диалог алаңы!

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Қоғамдық палата – қоғамдық демократияның тиімді институты

Әділдік, теңдік, адам құқығын қорғау және қоғамдық институттарды дамыту – Президент саясатының негізгі қағидаттары. Осы құндылықтарды іске асыруда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата маңызды рөл атқарып келеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Марат Башимов 24kz арнасындағы өзінің авторлық бағдарламасында айтып берді.

Марат Башимов Қоғамдық палатаның елдегі демократиялық процестерді, саяси мәдениетті дамытудағы маңызына кеңінен тоқталды.

– Қоғамдық палата – заң шығару барысында жұртшылықтың пікірін ескеретін қоғамдық институт. Бұл – халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы. Оның жұмысы – Президент реформаларының табысты жүзеге асуының көрінісі, – деді Марат Башимов.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық пікірталас көшеде емес, Парламентте болуы керек екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы бағытта Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата көп жұмыс атқарып, өз миссиясын орындап келеді.

Палата бүгінде Президенттің Жолдауларында көрсетілген стратегиялық бағыттарды, соның ішінде цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізуді белсене қолдап отыр.

– Жуырда жасанды интеллект туралы заң қабылданды, парламенттік тыңдалым өтті. Енді Цифрлық кодекс әзірленіп жатыр. Осы процестің бәріне Қоғамдық палатаның сарапшылары белсене атсалысуда, – деді Марат Башимов.

Сонымен қатар депутат Қоғамдық палата Парламент пен сарапшылар қоғамдастығы арасындағы байланысты нығайтқанын атап өтті.

Қазіргі таңда Мәжіліс пен Қоғамдық палата арасында сенімді әріптестік орнаған. Депутаттар палата мүшелерінің ұсыныстарына ерекше мән беріп, көптеген заңнамалық бастама соның негізінде қабылданып отыр.

Депутаттың айтуынша, 2022 жылы құрылған сәттен бастап Қоғамдық палатада жүздеген талқылау өткізілді, маңызды заңдарға түзетулер енгізілді, өңірлерде көшпелі отырыстар ұйымдастырылды.

Соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару, денсаулық сақтау, сайланған әкімдердің жұмысы, электрсамокаттар мен кальянға қатысты заңдардың орындалмауы, онлайн-курстар мен коучинг нарығының реттелмеуі секілді тақырыптар жан-жақты талқыланды.

Марат Башимов кейбір проблемаларды нақты мысалдармен түсіндіріп, қоғам сенімін нығайту үшін құқықтық нормалардың шынайы орындалуы қажеттігін баса айтты.

– Заң бар, бірақ орындалмайды. Бұл қоғамның заңға деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан Қоғамдық палата тек заңдарды талқылап қана қоймай, олардың тиімділігін арттыру тетіктерін ұсынуы қажет, – деді депутат.

Сонымен қатар алдағы кезеңде де Қоғамдық палатаға алдына ауқымды міндеттер қойылып отыр. Ол – бизнес саласындағы заңнамаларды қайта қарау, демографиялық үрдістерді зерттеу, саяси реформалар бойынша қоғамдық пікірталас ұйымдастыру.

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 909
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10127