Жұма, 17 Қазан 2025
Бұ не мазақ? 285 0 пікір 17 Қазан, 2025 сағат 15:00

Парламенттегі «патриотизм» тіл дауын шеше ме?

Коллаж: Abai.kz / Суреттер: baq.kz, qaz365.kz.

Кеше Мәжіліс отырысында айтыс сахнасынан Парламент партасына жайғасқан депутат Аманжол Әлтаев пен КТЖ өкілі Дайыр Көшеров негізгі мәселе - астық тасымалы туралы емес, Ата заңда мемлекеттік мәртебесі айқын жазылса да, 30 жылдан бері жыры бітпеген ана тіліміз жайында сөз қағыстырыпты.

Шенеунік ана тіліне судай болса да орыс тілінің өз ойын жеткізуге ыңғайлы екенін айтып, депутаттың бетін қайтарыпты.

Қарап тұрсақ өте өкінішті жағдай. Ана тілінің мәртебесін асқақтатпақ болған ақынды да, өз саласы қазақшаланбаған шенеунікті де аяйсың. Бұдан 20 жыл бұрын Парламент төрінде есебін орысша судыратып оқи жөнелген сол кездегі Экономика министрі Қайрат Келімбетевке марқұм Шерхан Мұртаза аюдай ақырып: «Қазақтың ерте заманғы әдебиет тарихын» жазған Немат Келімбетовтің ұлының ана тілін білмеуі үлкен айып екенін», - бетіне тіке айтқан еді. Кіші Келімбетов сол күйі ана тілінде тіл сындыра алмай кетті. Сол жағдай айна қатесіз Жаңа Қазақстанның Парламентінде қайталанып отыр. Ақын-депутаттың әрекетін көпшілік «хайп» деп бағалап отыр. Парламент төрінде шенеуніктердің Ресейдің мемлекеттік тілінде баяндама жасауына шүйлігіп, ұпай жинаймын деудің бос әурешілік екенін түсінетін кез жетті. Оны уақыт өзі дәлелдеді. Тіл мәселесі барған сайын күрделіленіп барады. Оның түп тамыры терістік көршіміздің Орыс тілін геосаяси мүддеге тықпалап, саяси құралға айналдырып алғанынан екені анық.

Бұл күнде ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы үшін күрескен Шерхан Мұртазадай алыптар бақилық болды. Мұхтар Шахановты қарттық жеңді. Ашығын айтсақ, жариялық кезеңінен басталған тіл үшін күрес жеңіліспен аяқталды. Оған дәлел Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың күні кеше айтқан «қазақстандықтардың 90 пайызы орыс тілін судай біледі»деген мәлімдемесі.

Ол аз десеңіз, Қазақстан тәуелсіздік алған жылы мектеп босағасын аттағандар мемлекеттік тілде білім алып, елдің нағыз патриоты болып жетілуі керек еді. Іс жүзінде ондай болмай шықты. Оған дәлел Олжас Байдилдинов дегеннің соңғы арандату әрекеті. Ол еш қымсынбай: «Қазақстанда қазақша сөйлейтіндер көбейіп барады, оған Ресей араласып, шара қолдануы керек», - деген.

Мүмкін ол: «Қазақша сөйлейтіндер көбейіп кетті», - деп Парламенттегі Қазыбек Иса, Аманжол Әлтаев, Мақсат Толықпай, Нартай Аралбайларды, ақын Ринат Зайытовтарды меңзеген шығар. Егер Парламент партасында отырған депутаттар нағыз ана тілінің жанашыры болса, тәуелсіз Қазақстанның отыз жылдағы ұрпағының орыстанып бара жатқанын өткір мәселе ретінде қойып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің заңдық тетігін жасап, сол үшін күресуі керек еді. Сонда тәуелсіз елде Олжастай азғындар шықпас еді. Шенеуніктер де ана тілінде баяндама жасар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 932
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10185