Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
Жаңалықтар 98 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 14:50

Оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

* «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;

* «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

* «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1000
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10300