Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2201 0 пікір 22 Қазан, 2025 сағат 15:01

Астанада Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: Информ.кз сайтынан алынды

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Манзоров Серік Бағдатұлы тағайындалды. 

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшыны Серік Манзоровты таныстырды.

Серік Манзоров мемлекеттік органдар мен салық қызметі жүйесінде көп жылдық еңбек өтіліне ие. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінде бастаған.

Әр жылдары жетекші маманнан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.

Мемлекеттік кірістер жүйесінде 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында бас маманнан Департамент басшысының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарып келді.

Құқықтану, қаржы және мемлекеттік басқару салаларында білімі бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730