Сәрсенбі, 22 Қазан 2025
Жаңалықтар 549 0 пікір 22 Қазан, 2025 сағат 16:48

Халық бірлігі - біздің басты құндылығымыз!

Сурет: akparat.com сайтынан алынды.

Біздің мемлекетте ел мен жер иесі қазақтан басқа 15-ке жуық ірі ұлттық диаспоралар шоғары бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Халықтар бірлігі - еліміздің басты жетістігі. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау тәуелсіз Қазақстанның ең басты және даусыз табыстарының біріне айналды.

Ұлттық бірлікті нығайту еліміздің және халқымыздың табысты болашағының кепілі болып қала береді. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, татарлар, еврейлер, армяндар, дұңғандар, күрділер, әзербайжандар және басқалар кіреді. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар - біртұтас тату халық болып саналады.

Қазақстан халқының бірлігі байланыстарды нығайтуға, түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты барынша ашық етуге, елде тұратын халықтардың мәдени көпұлтты диалогының жетістіктерін көрсетуге бағытталған.

Әлем мемлекеттері ұлттық құрамына қарай: бірұлтты: Корея, Жапония, Армения; көпдиаспоралы: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан; көпұлтты: Қытай, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Бразилия, Индонезия т.б. жатады.

Ақ патшаның және қызыл империяның отарлауынан Орталық Азиядағы үш түрк елі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан көпдиаспоралы елдерге айналды. Біз жоғарыдағы сөз еткен ұлттық құрамға қатысты КСРО кезінде «Ұлттар достығы» желеуімен «көпұлтты республикалар» деген кеңестік миф пайда болды. Кез келген мемлекет көпұлтты болу үшін онда тұратын әр ұлттың тарихи қалыптасқан терроториялық аймағы болуы керек. Ал, қазақ, қырғыз жерінде өзге ұлттар құрған мемлекеттер болған жоқ. Патша отарлауы қырғыз бен қазақтың ұлттық құрамына көп өзгерістер әкелді.

Қос түрк елі соның нәтижесінде көпдиаспоралы елдерге айналып отыр.

Қазақстан - көпдиаспоралы ел

Көпдиаспоралы ел дегеніміз не? Көбінесе бұл терминмен өз тарихи тамыры жоқ түрлі этникалық топтар тұратын белгілі бір ұлтқа тән мемлекеттердің мәртебесі айқындалады. Ал көпұлтты мемлекеттің құрамында бір кездері өз мемлекеттілігі болған немесе белгілі бір тарихи кезеңде өзгелерден басып алған жерін сыйға тартқан билеушінің арқасында бауыр басқан ұлттардың жаңа тарихи отаны жатады. Мысалға: Армения мемлекеті Әзербайжаннан тартып алған жерге Орыс империясының қолдауымен қоныстанып, ондағы жергілікті ұлттарды тарихи бауыр басқан отандарынан айырды. Соның нәтижесінде бүгінгі Армения бірұлтты мемлекетке айналып отырған жайы бар.

Қазақстан - көпдиаспоралы елге қалай айналды?

Неге Қазақстан - көпдиаспоралы ел? ҚР Статистика бюросының мәліметінше, ел аумағында 40-тан астам үлкенді-кішілі диаспоралық ұлттар тұрып жатыр, олардың арасында орыс, украин, өзбек, неміс, татар, ұйғыр, өзбек, корей, әзірбайжан, дүнген және т.б. Қазақстан ірі аумақтық мемлекеттердің қатарына кіреді.

«Қазақстанның демографиялық тарихы» кітабының авторы Валентина Козина Ресейге қосылу, содан кейін қоныс аудару қозғалысы үдерісінде Қазақстанда біртіндеп көпұлттылық қалыптасқанын жазады. 1897 жылғы Ресей империясының бірінші жалпыға ортақ халық санағының деректері бойынша, өңірде 60-тан астам ұлт тұрып жатқаны белгілі болды.

Келесі ғасыр технологиялық даму мен прогрестің ғасыры болды. Тап осы кезеңде қазақ даласына көші-қон артты. Жергілікті халықтан тартып алынған жерлер жаңа көшіп келушілерге үлестірілді. Патша үкіметінің бұл саясаты еліміздегі ұлттық топтар санының ұлғаюына ықпал етті. Мысалы, мемлекет аумағына қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін Қытайдан қашқан көптеген дүнгендер мен ұйғырлар қоныс аударды.

Этникалық топтардың көші-қонына мемлекеттік саясат ықпал етті:

Қазақстандағы столыпиндік реформалар орыстар, поляктар, украиндар, белорустар көшіп-қонуының жаппай толқынына түрткі болды.

1930-40 жылдары Қазақстан аумағына Волга мен Кавказдан мәжбүрлі түрде көшірілді. Ұлттардың арасында корейлер, ингуштар, шешендер, месхет түріктері және басқа да ұлт өкілдері бар еді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес азаматтары Қазақстанға көшіп келді, өйткені олар оккупацияланған аумақтарда өмір сүргісі келмеді. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанға бұрынғы КСРО-ның түкпір-түкпірінен мыңдаған адам тың жерлерді игеру үшін келді. Бұның бәрі қызыл отарлау кезінде орын алған оқиғалар болса, Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекетпіз деп жариялаған кезде оның аумағына түріктер, шешендер, қытайлар, корейлер, күрдтер тұрақты тұру үшін келе бастады. Міне, тәуелсіздік алғанымызға дейінгі аралықта Қазақстан көпдиаспоралы елге айналып үлгерді. Және ел аумағында бір-бірімен түсіністіктегі ұлты мен тегіне қарамайтын анатілді, қазақтілді және орыстілді әлеуметтік орта қалыптасты.

Бүгінде Қазақстан - көпдиаспоралы ел деп сеніммен айтуға болады. Этносаралық келісім мемлекеттің саяси тұрақтылығының негізіне айналды. Азаматтар ұлты мен нәсілі бойынша бөлінбейді, өздерін Қазақстан Республикасының біртұтас халқы деп санайды. Бұл мемлекеттік деңгейде расталды. ҚР Конституциялық заңында (6-бап) барлық азаматтардың ұлтына, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне және тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бар екендігі жазылғаны тап осының куәсі болып табылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1040
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10397