Жұма, 24 Қазан 2025
Жаңалықтар 184 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 13:44

Қытай су шаруашылығына инвестиция салмақ

Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінен алынды.

Қытай корпорациясы Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция салуға дайын. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ҚХР-дан келген делегациямен кездесті.

Делегацияны Energy China корпорациясының президенті Цяо Сюбинь бастап келді. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын талқылады. Олар: су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, су ресурстарын басқаруға инновациялық тәсілдерді енгізу, соның ішінде суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру, тазартылған ағын суды қайта пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ кадрларды бірлесіп даярлау.

Қытайлық бизнес өкілдері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасымен танысып шыққанын және Қазақстанның су шаруашылығы саласына инвестиция салуға дайын екендерін мәлімдеді.

Сонымен қатар Energy China өкілдері корпорация Қытайда және басқа да елдерде жүзеге асырған ең ірі жобалар туралы баяндап берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың келешек бағыттарын сарапшылар деңгейінде егжей-тегжейлі қарастыруға келісті.

«Біз бірқатар қытайлық компаниямен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеміз. Мысалы, биыл Power China корпорациясымен жасалған меморандум аясында Қазақстанның су саласындағы 125 маман Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады. Energy China компаниясымен де ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе мен технологиялар алмасуға ашықпыз», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1086
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10491