Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
Жаңалықтар 466 0 пікір 25 Қазан, 2025 сағат 16:00

Әлеуметтiк әртүрлiлiк: ДДҰ дерегі һәм Қазақстандағы ахуал қандай?

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Қоғам дамуының қазiргi кезеңiнде мүгедектiктiң аномальды құбылыс емес, керісінше «әлеуметтiк әртүрлiлiктің» нысаны болып табылатындығы жайлы дүниетанымдық түсiнiктің орныға бастауы өзіне назар аударуға тұрарлық.

Дәл қазір қазақ елінде мүгедектік проблемаларына деген азаматтық ұстаным, қоғамдық сана өзгеруде. ДДҰ деректеріне сәйкес әлемдегі халықтың шамамен 15% -ы түрлі деңгейдегі мүгедектікке ие. Бұл ДДҰ дерегі бойынша 1970 жылдары бар-жоғы 10% -ды құраған еді. Мемлекеттің саясаты мүгедектердің және денсаулығының мүмкіндігі шектеулі (ДМШ) адамдардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете отырып, әртүрлі салалардағы басқа азаматтармен бірдей өмір сүру деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға, олардың қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысуы жолындағы кедергілерді жоюға жәрдемдесуге тиіс. Елімізде бұл бағытта келелі жұмыстар істелініп жатқанын жасырып жабуға болмайды.

«Мүгедектік туралы дүниежүзілік баяндамада» қолайлы қоршаған орта құру, тиісті әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, саясат пен бағдарламалардың инклюзивті шараларын әзірлеу және мүгедектер мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін жаңа және қолданыстағы стандарттар мен заңнамалық актілерді қолдануды қамтамасыз ету жөнінде практикалық ұсынымдар ұсынылады. Бұл тәсілдің негізінде барлық адамдардың салауатты, жайлы және лайықты өмір сүруге мүмкіндігі бар инклюзивті әлем тұжырымдамасы жатыр.

Соңғы ондаған жылдар ішінде елімізде ДМШ және мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және білім беру интеграциясы саласында: жалпы және кәсіптік білім беру, әлеуметтік сала, спорт, туризм жүйесінде түрлі бағыттарды кеңейту және оларды кеңінен дамыту үрдісі байқалады.
Мүгедектердің еліміз бойынша қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуі соңғы жылдары белсенді дамып келеді, алайда бұл үдерісті қиындататын және баяулататын бірқатар қиындықтар бар.

Қоғамның әдетте БАҚ өкілдері сілтеме жасайтын мүгедектердің әлеуметтік интеграциясына «дайын еместігін» талдай отырып, қоғамның «дайындығын» әлеуметтік инклюзивтің белсенді процесі басталғанға дейін қалыптастыру мүмкін еместігін ескеру қажет. Халықтың әр түрлi топтарының әлеуметтiк инклюзияға қатысуы және олардың мүгедектiгi бар адамдармен өзара iс-қимыл жасаудағы тiкелей тәжiрибесiнiң бой көрсетуі арқылы ғана бұл проблеманы шешуге болады. Адамдардың осындай тәжірибе алмасу және оны түсіну мүмкіндіктері неғұрлым жоғары болса, олар басқалардың қажеттіліктеріне түсіністікпен қарап соғұрлым құрметтейтін болады.

Қабылдаушы қоғамдастықты қалыптастыру бала кезден басталады. Дәл осы мақсатта еліміз бойынша баланың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру процесінде шешуші факторы болып табылатын инклюзивті білім беру белсенді ілгерілетіліп, мемлекет пен бизнес тарапынан кеңінен қолдау көрсетіле бастады.

Мүгедектердің қоғамға әлеуметтік кірігуінен басталатын процесс болып саналатын Инклюзивті білім беруді ілгерілетудегі қиындықтарды санамалап кететін болсақ, кейде ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастықтардың мүгедектігі бар баланың жалпы білім беретін мекемеде оқуға қол жеткізуіне белсенді қарсылық көрсетуінен тұрады.

Инклюзия процесін ұйымдастырушылар көбінесе ата-аналар мен педагогтардың сыныпта/мектепте мүгедектігі бар баланың болуы дені сау балаларға зиянды әсер етуі және нәтижесінде олардың үлгеріміне әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылығына тап болады. Бұдан басқа, дені сау адамдарға аурулармен және дене кемістігі барлармен қарым-қатынас жасау ыңғайсыз, сондықтан оларды мүгедектермен кәсіби қарым-қатынас жасауда осындай мүмкіндіктен қорғау қажет деген де пікір бар.

Өкінішке қарай, балалармен, ата-аналармен және мамандармен белсенді жұмыс істемейінше, мүгедектердің қоғамға одан әрі қалыпты кірігуі мүмкін емес. Мүгедек балаларға және олардың ата-аналарына деген қарым-қатынас - қалыпты әлеуметтік инклюзиядағы бірінші және ең маңызды қадам.

Тағы бір проблема мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталықтарының мүгедектерді дайындауды жүзеге асыруға және қоғамға енгізумен айналысуына байланысты, кейде жұмысты инклюзия бойынша емес, мүгедектігі бар адамдарды эксклюзивтеу бойынша орындайды, олар үшін оңалту мен бос уақытты ұйымдастыра отырып, жеке арнайы іс-шаралар өткізеді.

Оң тәжірибе алу үшін мүгедектің өмір сүру сапасын арттырудан басқа, қоғамдастық алдында мүгедектігі бар адамның бейнесін біртіндеп өзгертетін арнайы жағдайлар жасалуға тиіс. Қолдауға мұқтаж ғана емес, басқаларды қолдауға және олар үшін қызықты болуға қабілетті мүгедек адамның жағымды бейнесін қалыптастыру - қоғамдық пікірді өзгерту жолдарының бірі және бұл біртіндеп еларасында мүгедектердің барлық санаттарына қатысты көрініс табатын болады.

Осылайша, мүгедектігі бар адамның және оның отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру - қоғамдағы мүгедектердің толерантты және қабылдаушы қатынасының кілті болып табылады.

Адамдармен жұмыс істейтін барлық дерлік мекемелер осы проблеманы шешуге атсалысуға және мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инклюзиясы белсендірек болып, мүгедектігі бар адамдарға Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен мегаполистерде өмір сүрулерін жеңілдетілуіне күш-жігер жұмсауға тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1155
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10596