Сейсенбі, 28 Қазан 2025
Жаңалықтар 126 0 пікір 28 Қазан, 2025 сағат 16:29

Бектенов: Көмір генерациясын кеңінен дамыту қажет

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов көмір генерациясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Мұндағы негізгі жобалардың бірі - жалпы қуаты 1 080 МВт болатын 3-ші және 4-ші энергоблоктарды орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту.

Ал Көкшетау ЖЭО-ның құрылысына қатысты жобалауға, жабдықтарды жеткізуге және құрылыс жүргізуге келісімдер жасалған. Жылу-электр орталығы орналасатын алаңды, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау және тағы да басқа жұмыстар жүргізілуде.

Семей және Өскемен ЖЭО бойынша да құрылыс жұмыстарына келісім жасалған. Қуаты 360 МВт және 1000 Гкалл болатын стансаны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.

«Көмір генерациясын кеңінен дамыту қажет. Көмір біздің ең маңызды активіміз екенін ұмытпаңыздар», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1183
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10677