Жұма, 31 Қазан 2025
Жаңалықтар 179 0 пікір 31 Қазан, 2025 сағат 14:34

Атышулы Хасан соңғы үмітін сотқа артты...

Талғардағы сот процесінде басы айыпкер Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты. Бұған дейін прокурор Ерлан Құланбаев оны адам ұрып-соғу және ұрлап әкету ісі бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Orda-ның мәліметінше прокурордың сөзі залдағы жағдайды күрт ушықтырып жіберген. Прокурор мен сотталушылар арасында ұрыс-керіс болып, судья бірнеше рет тәртіпке шақыруға мәжбүр болған. Қасымбаев болса өзіне тағылған айыптың бәрін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

«Өмірде айыпталушы орындығында отырамын деп ойламадым. Менің тағдырымды қоғам тынышталсын деп құрбан ету әділетсіздік», – деді ол.

Сонымен қатар, ол ешқашан заң бұзбағанын, тергеудің бұрмаланған мәліметке сүйеніп отырғанын жеткізген екен.

«Менің кінәмнің ешбірі дәлелі жоқ. Не куәгер жоқ, не жазба, не хат-хабар жоқ. Тек Қаржаубайдың құрғақ сөзі ғана. Мен онымен ешқашан кездескен де, сөйлескен де емеспін. Оған қастық қылуға еш себебім болған жоқ», – деді Қасымбаев.

Оның пікірінше, істің қоғамдық резонанс тудыруы себепті «кінәлі» ретінде өзіне жала жабылған.

«Мен ешқандай ОПГ-ға мүше болмадым. Іс ел назарын аударып кеткен соң, кінәлі керек болды да, маған таңды. Жәбірленуші мені «Хутор бандасының басшысы» деп атаған. Талғарда да, Алматы облысында да мұндай банда ешқашан болмаған. Мұны тіпті полиция да растай алмады», – деп атап өтті ол.

Айыпталушының адвокаты Ерлан Мендешев те істің заңсыз қозғалып, тергеу қоғамдық пікірдің қысымымен жүргеніне сенімді.

«Шерзаттың қазасынан кейін оның әкесі эмоциямен Хасанды айыптап, «Хутор бандасы» деген сөзді қолданды. Әлгі пікір әлемжеліге тарап, тергеуге қысым көрсете бастады. Нәтижесінде тергеу заң бойынша емес, қоғамдық шуға негізделіп жүргізілді», – дейді адвокат.

Сот ғимаратының алдына ондаған адам жиналып, прокурордың Хасан Қасымбаевты түрмеге қамау талабына қарсылық білдірді. Олар соттан әділ шешім шығаруды сұрайды және соңына дейін күресуге бекініп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1310
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10876