Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1228 0 пікір 4 Қараша, 2025 сағат 15:38

Ет бағасы тұрақтанды ма?

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифингте Қазақстандағы ет нарығындағы жағдай бақылауда екенін айтты.

Оның сөзінше, сұраныстың уақытша артуына байланысты баға сәл көтерілгенімен, кейін қайта тұрақтанған.

«Бүгін таңертеңгі статистика бойынша еттің орташа бағасы 3249 теңгені құрады. Кеше қызметкерлерімді дүкендер мен базарларға жібердім. Кей жерлерде баға 3,5-3,6 мың теңге шамасында, ал премиум санаттағы ет 4,3-5 мың теңгеден сатылып жатыр. Жалпы жағдай тұрақты, әзірге осы деңгей сақталып отыр», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр келесі жылға болжам туралы сұраққа жауап беріп, бағаның өсуіне негіз жоқ екенін айтты.

«Қазір біз тірі малды экспорттамаймыз, ал ет экспорты квота арқылы реттеліп отыр. Сондықтан бағаны қазіргі деңгейде ұстап тұра аламыз деп ойлаймын», – деді Айдарбек Сапаров.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 762
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729