Бейсенбі, 13 Қараша 2025
Жаңалықтар 107 0 пікір 13 Қараша, 2025 сағат 15:32

Екатерина Бивол Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

Сурет: shyndyk.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ол халықаралық іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Оның сөзінше, Ресей құқық қорғау органдарымен өзара әрекет күшейтілген. Әділов журналистерге берген мәлімдемесінде:

- Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, біз Бас прокуратура арқылы оны экстрадициялау мәселесін көтереміз, – деді.

Вице-министр экстрадиция туралы соңғы шешімді Бас прокуратура қабылдайдытынын айтты.

Abai.kz

0 пікір