Жұма, 14 Қараша 2025
Жаңалықтар 467 0 пікір 14 Қараша, 2025 сағат 19:19

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

2025 жылғы 14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қағаз boom» экологиялық шарасы ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру.

Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын тапсырды. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

«Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Абдихалық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Abai.kz

0 пікір