Жұма, 5 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 90 0 пікір 5 Желтоқсан, 2025 сағат 13:56

Өзбекстанның қарызы 44 млрд долларға жуықтады

Сурет: sputnik.kz сайтынан алынды.

1 қазандағы жағдайға сәйкес, Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 43,9 млрд долларға теңелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қаржы және экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері берешек сомасы 3,75 млрд долларға көбейді. Қарыздың өсу қарқыны үшінші тоқсанда баяулады. Аталған кезеңде халықаралық қаржы ұйымдарынан 473 млн доллар несие алынған.

Жалпы жыл басынан бері ең жоғары көрсеткіш бірінші тоқсанда тіркелген. Яғни, қаңтар-наурыз аралығында мемлекеттік қарыз бірден 2,38 млрд долларға өсті.

Осылайша, берешектің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 35%-дан 32,3%-ға дейін төмендеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресми Ташкент көлеңкелі экономиканың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 29%-ға дейін төмендетуге ниетті.

Еске салсақ, бүгінде Өзбекстан экономикасының 8,3 млрд доллардан аса қаражаты көлеңкеде қалып отыр.

Abai.kz

0 пікір