Сейсенбі, 9 Желтоқсан 2025
Әдебиет 125 0 пікір 9 Желтоқсан, 2025 сағат 14:58

Халиль Джебран. Құдай

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Халиль Джебран (1883-1931) -  ливандық және америкалық философ, ақын және суретші.

Халиль Джебранның Құдай туралы түсінігі дәстүрлі діни догмалардан бөлек, пантеистік, мистикалық, гуманистік көзқарастардың ерекше қоспасы. Ол Құдайды шіркеулерден, діни ережелерден іздемейді, керісінше, табиғаттың тынысынан, адамның ішкі үнінен, махаббат пен шығармашылықтан іздейді. 

Құдай

Көне бір замандарда,
Былдырлап алғаш тілім шыққанда,
Киелі таудың басында,
тіл қаттым мен құдайға:
«Уа, Ием!
Құлақ кесті құлың мен,
Мен үшін заң барлық тілек-әмірің,
Өтем саған басымды мәңгі иіп мен.»
Тіл қатпастан сонда құдай,
Өте шықты түнерген құр дауылдай.

Арада мың жыл сырғып өткенде,
Киелі таудың басында, тіл қаттым тағы Құдайға:
«Уа, Жаратушы! Сенсің мені жаратқан,
илеп алып балшықтан,
бердің бейне ең ізгі,
Сендік қой бәрі мендегі»
Сонда Құдай тіл қатпастан,
Кетті өтіп қанаттай суыл қаққан.

Өткенде арада тағы мың жыл,
Киелі таудың басында, тіл қаттым тағы Құдайға:
«Уа, Әке!
Ұлыңмын мен сенің ерген,
Махаббат, мүсіркеумен дүние көрген.
Мен де сені шын сүйіп, берілумен,
Жердегі патшалығыңа иемін мен»
Сонда Құдай тіл қатпастан,
Тұмандай кетті айналып алыстан.

Арада тағы мың жыл өткенде,
Киелі таудың басында, тіл қаттым тағы құдайға:
«Уа, Құдірет!
Сен бәрін беруші тілегімсің.
Болғанда мен кешегің, сен болдың ертеңім.
Тамырыңмын жердегі мен сенің.
Сенсің мәйегім көкке ұмсынған найқалып,
Екеуміз бірге өсеміз,
Күн астында жайқалып»
Еңкейді де сонда құдай,
Құлағыма сыбыр етті тәтті балдай.
Алғандай теңіз құшағына
таудан аққан бұлақты,
Құшағына алды мені ол дағы.

Түстім төмен, көсілді жазық алдымда,
Қалмай еріп келеді ол қасымда.

Ағылшын тілінен аударған: Әмір Қапшықбай

Abai.kz

0 пікір