Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 187 0 пікір 10 Желтоқсан, 2025 сағат 17:42

Ақтау теңіз портының аумағы кеңейді

Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Ел Үкіметінің 5 желтоқсандағы қаулысымен «Ақтау теңіз порты» АЭА шекарасы кеңейтілді.

Құжатта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Маңғыстау облысының аумағында Аштау мен Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқаны атап өтіледі.

- АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда 9 814,503 гектарды құрайды және ҚР аумағының ажырамас бөлігі саналады, - делінген құжатта.

Бұған дейін аталған аймақтың ауданы 4 407,503 гектарды құраған еді.

Сонымне қатар «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағының жоспары жаңа жаңартылды. Соған сәйкес, АЭА аумағына мыналар кіреді:

- порт аймағы – 656,3543 гектар;
- индустриалдық аймақ – 7 428,1487 гектар;
- логистикалық аймақ – 1 730 гектар.

Арнайы экономикалық аймақ үшін 2052 жылға арналған жаңа мақсатты индиатор белгіленген:

- жалпы инвестиция көлемі – 1 320 млрд теңге (980 млрд теңге болатын);
- АЭА аумағындағы тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі – 1 600 млрд теңге.
- қатысушылар (компаниялар) саны – 180 бірлік (150 болатын);
- АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны – 7 900 адам (5 800 болатын).

АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі 83 пайызды (өзгеріссіз) құрайды.

Abai.kz

0 пікір