Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 124 0 пікір 11 Желтоқсан, 2025 сағат 15:36

Трамп «алтын карта» визасын шығарды

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Трамп АҚШ-та тұрып, кейін азаматтық алғысы келетін ауқатты шетелдіктерге арналған «алтын карта» жобасын іске қосты.

Ол тура жасыл карта сияқты, бірақ өте қымбат. Оны арнайы веб-сайттан бір миллион долларға сатып алуға болады. Барлық ақша АҚШ үкіметіне түседі. Трамп осы жоба елге мол қаражат әкелуі мүмкін.

Нәтижесінде АҚШ-тың ұлттық қарызы азаяды. Елге еңбекқор, дәулетті азаматтар келіп, көп жұмыс орнын ашады деп үміттенеді.

Abai.kz

0 пікір