Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
Жаңалықтар 1437 0 пікір 5 Қаңтар, 2026 сағат 14:38

Польша Еуропадағы ең күшті армияны құрмақ

Сурет: ria.ru сайтынан алынды.

Польша премьер-министрі Дональд Туск 2026 жылы Польша Еуропадағы ең қуатты армия құруды тездететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.

Польша мемлекеттік TVP телеарнасы Тусктің 2026 жылға арналған болжамымен бөлісті.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл жыл Польша үшін даму қарқынын жеделдету жылы болады.

— Үкімет әскери контингентті кеңейту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өнеркәсіпті қалпына келтіру, оның ішінде қорғаныс саласын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады, — деп атап өтті ол.

Туск мәлімдемесінде мемлекеттік сатып алулар саласында «Польша — бәрінен бұрын» принципі қолданылатынын да айтты.

— Біз Еуропадағы ең күшті армияны құруды тездетеміз. Біз инфрақұрылымға ірі инвестицияларды жеделдете аламыз, — деп қосты премьер-министр.

Премьер-министр 2026 жылы қылмыспен күресті қатаңдатуды жоспарлап, Польша қалай болғанда да «қауіпсіздік оазисі» болып қала береді деген сенімін білдірді.

Сондай-ақ, Туск 2025 жылы Польша экономикалық өсімді жылдамдатып, ірі инвестициялар басталғанын айтып, 2026 жыл ел үшін оңтайлы және табысты болатынына үміт білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1087
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1472