Сенбі, 10 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 208 0 пікір 9 Қаңтар, 2026 сағат 16:26

Экс-әкім Әбдірахымов қызметке тағайындалды

Коллаж: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбдірахымов жаңа қызметіне 2025 жылдың 29 желтоқсанында кіріскен. Оның экономикалық және басқару саласында білімі бар, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша алынған мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.

Әр жылдары ол мемлекеттік қызметте түрлі басшылық лауазымдар атқарған, Президент әкімшілігі мен Үкіметте жұмыс істеген, Шымкент қаласының әкімі, мәдениет және спорт вице-министрі болған. Тағайындау оның Samruk-Kazyna Construction басқарма құрамына кіруін көздемейді.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметін екі рет атқарды. Алғаш рет 2015 жылы тағайындалып, бұл қызметте 2017 жылға дейін болды. Кейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарды.

2018 жылы қайтадан Шымкент әкімі болып тағайындалып, бұл қызметті бір жылдай атқарды. 2019–2021 жылдары премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Көпшілік оны 2019 жылы Лондонның орталығындағы қымбат қонақүй аясында түсірілген даулы видеосы арқылы да таниды. Айта кетейік, төрт жылдан кейін ол сол бейнежазбаға қатысты өз түсініктемесін де берген.

Abai.kz

0 пікір