Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3096 0 пікір 20 Қазан, 2009 сағат 07:32

Тоқпағы күшті топ

Бір адамның әлдебір күшті жуандардан көрген құқайы жалқының емес, жалпының тағдырына ұлсары анық. Маңайындағы адамдардың басындағы халге безірейе қарап отырған пенденің ертең тап сондай кепке ұшырауы әбден мүмкін ғой. Біз бүгін ештеңеге селт етпейтін, тасжүрек жандарға айналып барамыз. Халқының әубастағы дархан пейілінен, кенен табиғатынан кетіп мейірімсіздене бастағанын басқа емес, Елбасының өзі де байқаған сияқты. Ол студенттермен, зиялы қауыммен кейінгі кездесулерінің барысында әлгіндей ішмерездіктің қоясын ақтарып айтуды шығарды.

Қатыгездік халыққа жоғарыдағы шенді-шекпенділерден, байлыққа оңай қол жеткізген шынжыр балақ шұбар төстерден жұғып бастағанын тақырып етіп алып қазақ баспасөзі талай жазған, талмай айтқан болатын. Төмендегі біз баяндамақ жайтта сол бір мейрімсіздіктің, адамды адам деп құрметтеуден қалған қоғамның, білегі мықтылар білгенін істеп баққан заманның, жең ұшынан жалғасқан жалды топтың жалғанды жалпағынан кешкен әрекетінен хабар береді.

- Жаужүрек мырзадан жапа шеккен адам ретінде мен түйткілді жайттардың түйінін тарқатып айтуға бел байладым, - дейді редакциямызға хабарласқан Жанар есімді замандасымыз.

Жанардың айтуына қарағанда, Жаужүрек, яғни Әділхан Жаужүрекпен арадағы «жаулық» «Рәш» сауда орталығының (Алматы қаласы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілудің қарсаңында басталыпты.

Бір адамның әлдебір күшті жуандардан көрген құқайы жалқының емес, жалпының тағдырына ұлсары анық. Маңайындағы адамдардың басындағы халге безірейе қарап отырған пенденің ертең тап сондай кепке ұшырауы әбден мүмкін ғой. Біз бүгін ештеңеге селт етпейтін, тасжүрек жандарға айналып барамыз. Халқының әубастағы дархан пейілінен, кенен табиғатынан кетіп мейірімсіздене бастағанын басқа емес, Елбасының өзі де байқаған сияқты. Ол студенттермен, зиялы қауыммен кейінгі кездесулерінің барысында әлгіндей ішмерездіктің қоясын ақтарып айтуды шығарды.

Қатыгездік халыққа жоғарыдағы шенді-шекпенділерден, байлыққа оңай қол жеткізген шынжыр балақ шұбар төстерден жұғып бастағанын тақырып етіп алып қазақ баспасөзі талай жазған, талмай айтқан болатын. Төмендегі біз баяндамақ жайтта сол бір мейрімсіздіктің, адамды адам деп құрметтеуден қалған қоғамның, білегі мықтылар білгенін істеп баққан заманның, жең ұшынан жалғасқан жалды топтың жалғанды жалпағынан кешкен әрекетінен хабар береді.

- Жаужүрек мырзадан жапа шеккен адам ретінде мен түйткілді жайттардың түйінін тарқатып айтуға бел байладым, - дейді редакциямызға хабарласқан Жанар есімді замандасымыз.

Жанардың айтуына қарағанда, Жаужүрек, яғни Әділхан Жаужүрекпен арадағы «жаулық» «Рәш» сауда орталығының (Алматы қаласы) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілудің қарсаңында басталыпты.

2005 жылдың қыркүйек айының алғашқы күнінде «Тигорхауд» фирмасы құрылтайшыларының бірі Саят Есімхановқа оқ атылады.
- «Тигрохаудтың» бас директоры Әділхан Жаужүрек мырза сауда орталығының ашылуына екі ай қалғанда сол кездегі жылжымайтын мүліктің құны шарықтап, миллиондаған доллармен есептеле бастағанда жалғыз өзі қожайын болып қалуды ойласа керек, - дейді Жанар. Оқиға болардың алдында ғана Есімхановқа жөнсіз жала жабудан бас тартқан мамандардан «арылу» науқаны жүріп өткен көрінеді.

- Алдымен арамызға кісі жүріп, тиселі үлесімізбен, дүние мүліктен бас тартуымыздың қажеттігі ескертілді. Сосын бас директормен менің өзім де жолығып әңгімелестім. Әңгіменің барысындағы қорқынышты сөздерді көтере алмай мен құрсағымдағы шақалақтан айрылдым. Түсік тастадым. Сондағы барып жатқан ауруханадан да да мені қуып шықты. Айтпақшы, менің науқасымның жай жапсары көрсетілген анықтаманың көшірімесі мен ем қабылдауға берілген жолдама және соған байланысты Жаужүректің білдірген «құнды пікірі» Жаужүректің үйінен табылды,- деп қайран қалады Жанар.

Бір кездегі серіктестерін қоқытып үркітіп, қоқанлоқы жасап, зәбір-запа шектірген, олардың ортақ іске қосқан үлесін мансұқтаған Әділхан Жаужүрек қазір Заң бойынша қылмысы мойнына қойылып, жазасын өтеп жатыр. Алайда, қылмысы мойнына қойылған адамды ақтап алудың қамына кіріскен оның жары мен қорғаушысы баспасөз біткенді шулатып, қоғамдық пікір туғызып бағуда.

- Әйтседе олар ақиқаттан жалтарып отыр. Егер олар шындықтың жүзіне тура қарай алатын болса, «қолайсыз» құрылтайшылардан құтылу үшін Жаужүректің жасаған айла тәсілін неге бүркемелейді? Бізге, Саят Есімханов пен маған, яғни Жанар Құрбаеваға, Жаужүрекпен оның жақтастары жазықсыз жала жауып, болмаған іске жалған куәгерлер тартып, әлгі куәгерлердің аузына сөз салып беріп, қорғану мақсатында біздің мемлекеттік құзырлы мекемелерге жазған арыз шағымдарымызды таныс тамырлары арқылы тексеріп отырғанын неге айтпайды? Жекеменшік кәсіпорынның бас директоры мелекеттік органдағы адамдарға қалай ықпал ете алған? Сондай жауапты қызметтегі лауазым иелері заңсыз қаралған іс турасында Әділхан Жаужүрекке не себепті мәлімет беріп келген? - деп таусылады Жанар.

Осы арада оқырман қауымға Сәт Тоқпақбаев дейтін генерал-депутатымыз жайында айтуымызға тура келеді. Сәт Бейсембайұлы Елбасының атына, Үкіметке депутат болғалы бері алты рет мәлімдеме жасапты. Сол мәлімдемелерінің соқталысы жаңғы Жаужүректің басындағы «драмамен» байланысты болды. Ал, бұл мән беріп қарауға тиісті мәселе. Мәселе былай:
2008 жылы мәжіліс депутаттары кезекті демалыстарына шығардың алдында Тоқпақбаев Алматыдағы бақалшы саудагерлер басқан «Тигрохауд» базарының бас директоры Әділхан Жаужүрекке қоңырау шалып: «Әй, әлгі менің атыма жіберетін хаттарыңды тездетіп жіберсеңдерші» деп ашуланады. Тоқпабаевтың Жаужүрекке осылай деп қоңырау шалғаны жайында еліміздегі баспасөздің біразы жазды. Елге таратты. Оны басынан түсіп қайталап жатудың қажеті жоқ шығар. Тоқпақбаевтың «Жаужүрекке қоңырау соққан жоқпын» дегені де осы баспасөз арқылы белгілі болды. Ізінше «Иә, Жаужүрекке қоңырау шалдым. Маған халық қалаулысы ретінде мыңдаған адам арыз шағым айтып жатады. Жаужүрек соның бірі» деп ақталып баққанынан да ақпартқа құлақ тосып отыратын жұрт біледі. Сосын бұл кісі өзінің батыршалыстығына басып, әрі депутат ретіндегі құқының ерекеше екеніне екпін түсіріп «Менің Жаужүрекпен ұялы телефон арқылы сөйлескенім неге тыңдалады?» деп шу көтеріп, мәжілістің төрінен мәлімдеме жасап тастады. Сөйтсек, Сәкең бекерге бүлініп, Жаужүрек мәселесіне келгенде бекерге жанығып жүрмеген сияқты. Жанар жоғарыдағы «неге» деп таусылған сауалының қатарында «Тигрохауд» сауда орталығында қара табан бұқарадан құқығы ерекше тұлғалардың таныстары, жақындары қызмет етіп, жалақы алатынын айтады.
- «Тигрохаудта» депутаттың «майдандас серігі» мен балаларының тұрақты жалақы алатыны жайында Жаужүректің жары мен қорғаушысы неге жақ ашпайды?- дейді ол.

Жанар Құрабаева жағасын ұстап шошына отырып Жаужүректен үрейленіп үш жыл бойы жер бетіндегі тозақты кешкенін еске алады. Кәмілетке жасы толмаған шиттей балаларын бауырына қысып жас ана жан сауғалап күн кешіпті. «Заты нәзік әйел емес пе, Әділхан Жаужүректің зайыбы сол кезде бізге неге ара түспеді? Күйеуін неге жосықсыз істен тимады? Ол біздің ортақ іске қосқан үлесімізден мүлде хабарсыз емес еді ғой?» деген Жанар қазіргі кезде Жаужүректің жақтастары сотқа әртүрлі БАҚ арқылы қысым жасап жатқанын да жасырып қала алмады. Себебі Жаужүректің тумалас жақын ағайындары атынан ат үркетін әйдік қызметтерде істейтін көрінеді. Бәрі шетінен төбесін бұлт шалмайтын биік тұлғалар екен-міс. Олардың Әділхан Жаужүректі темір тордан суырып алатын құзыреті де бар екен. Бірақ, «олардың» кімдер екенін жапа шегіп зәразап болып қалған Жанар айта алмады.

- Жаужүректің аса ауыр қылмыс жасағанын оның қорғаушысы жақсы біледі. Сондықтан Жаужүректің мүлкін кепілдікке қойып шығу үшін жасап жатқан әрекеті ҚР ҚПК 148 бабына қайшы келетінін де қорғаушы жақсы білуге тиіс. Ал біз болсақ, бір кездегі Әділхан Жаужүректің серіктестері, дау дамай басталғаннан бүгінге дейін «Тигрохаудтың» қаржылық-шаруашылық жұмысы қалай жүріп жатқанынан хабарсызбыз. Бізді Жаужүректің жақтастары офиске маңайлатпайды да. Конституциялық қақымыздың аяққа тапталғанына қарамастан Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы департаменті 2009 жылдың 24 мамыранан осы күнге дейін Жаужүректің орынбасарының «қыбын таппай» дал болып отыр. «Тигрохауд» империясына шамасы Қазақстанның заңы жүрмеуге айналған сияқты. Салық органдарының тексерулері бойынша фирмада миллиондаған теңгелердің желге ұшқаны анықталып еді. Неге екені белгісіз, қаржы полициясы аталған фирманың салық төлеуден жалтарғанына жайбырақат қарап отыр, ал Алматы экономикалық соты болса біздің талап етіп жазған шағымдарымызға назар аударар емес, - деп ағынан ақтарылған Жанар жақтастары Жаужүректің өзге қылмысын осылайша жасырып жабуға көшкенін меңзеді.

Тоқпақбаевтай депутаттары бар, тоқпағы мықты топ одан да зорғысын бүркемелеп, мысық көмбе жасай салуы тіпті ғажап емес. Ал, мұндай топтың алдында коррупциямен күрестің өзі көзапара іс болып қала бермек. Және оны көріпте жүрміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572