Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3046 0 пікір 20 Қазан, 2009 сағат 07:35

Кәлетаев Мәсімовке мін тақты

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Калетаев премьер-министр Кәрім Мәсімовке мін тақты. Өйткені Мәсімов үкіметі биліктегі партияның «батиқасынсыз» «Ақ жол» партиясы ұсынған «Ұлттық жаңа саясат» туралы жобаға қолдау танытқан көрінеді.
ҚазТАГ тілшісінің хабарына сүйенсек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Калетаев «Ақ жол» партиясының «Ұлттық жаңа саясат» тұжырымдамасының жобасы Үкімет тарапынан қолдау тапқанына түсініспеушілік білдіріп, бұл құжат мемлекеттік саясатқа қарсы деп есептептегенге ұқсайды.
«Ақ жол» партиясы ұсынған «Ұлттық жаңа саясат» тұжырымдамасы талқыланған партияаралық соңғы кеңесте, жекелеген үкімет өкілдерінің көзқарасы жеке менің таңырқаушылығымды оятты», - деді ол, дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының дағдарысқа қарсы шаралардың қортындысына арналған отырысында.
Аталған тұжырымдама жобасы мемлекет басшысының ұлтаралық келісім саясатымен үйлеспейтіндіктен , тиісінше, «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолдау таппайды, деп жалғастырды ол өз сөзін.

«Үкімет өкілдері аталған жобаға айтарлықтай қолдау білдірді. Меніңше, қазіргі үкімет құрамы «Нұр Отан» партиясына мүше болып табылатын лауазым иелерінен құрылған. Сондықтан Мәсімов үкіметі «Нұр Отан» партиясының саяси ұстанымдарын қолдауы тиіс. Осы реттен келгенде оппозициялық партияның даулы жобасына үкімет атынан қолдау білдіріп отырғаны бізді таң қалдырады», - деп наразылық танытты Дархан Калетаев.
Кәлетаев мырза Кәрім Мәсімов үкіметінің студенттерді жеңілдікпен несиелендіріу бағдарламасына да қарсы шықты.
ҚР үкіметі студенттерді жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын кеңейтті. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні, «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының дағдарысқа қарсы шаралардың қортындысына арналған отырысында мәлім етті деп хабарлайды Қаз ТАГ тілшісі.
«Сіздердің биылғы көктемдегі ұсыныстарыңызды ескере отырып, біз жеделдетілген несие алу мүмкіндігін кеңейту туралы шешім қабылдадық. Осы шешімнің нәтижесі бойынша магистранттар, үлгерімі жақсы студенттер бірінші курстан бастап мамандық түріне қарамастан шектеусіз пайдалана алады. Несиені өтеу мерзімі 15-тен 17 жылға ұлғайтылды, ал жеңілдіктегі мерзімі 6 айдан бір жылға дейін ұзартылды. Бұл ретте ешқандай кепілдік керек емес, кепілдікті «қаржы орталығы» АҚ өз мойнына алады», - деді К. Мәсімов.
Ал, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Калетаев болса студенттерді жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы сәтсіздікке ұшырағанына мән бере келіп:
- Ашық айтайықшы, студенттерді жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады. Бұл жерде кімнің кінәлі екенін әлі зерттеу керек, - деп Мәсімовке тағы да қырын келді.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Калетаевтың мәпелеп отырған премьер-министріміз Мәсімовке әлгіндей пікір білдіріп, «Ақ жолды» оппозицяилық партия деп атағаны журналистерді елеңдетіп қойды. Жоғарыда айтылған қайшы пікірлерді іліп алып «бұл жаңа бір саяси науқанның нышанын аңғартатын жәйт» деп болжам жасап жатқандар да бар. Қалай десекте, Мәсімов үкіметіне бір тықырдың таяп келе жатқаны байқалады. Ақ Орданы төңіректеп жүретін «Ақ жол» партиясы үшін де саясатқа араласып қалудың мүмкіндіктері жасалып бастағанға ұқсайды. «Құдайсыз қурайдың басы сынбайды» дейді қазақ. Тағы не деуге болады?..

«Абай-ақпарат».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572