Комиссия - алтын көпірді берік әрі түбегейлі қалыптастыру...
Бүгін Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды. Түрлі сала мамандарынан құралған 120-ға жуық мүшесі бар комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.
КОММЕНТАРИЙ: Мұндай репрезентативтілік бастапқыда Комиссия жұмысының қоғам үшін толық ашықтығын көздейді. Ашықтықты арттыру үшін бірқатар қосымша шаралар қарастырылған.
Біріншіден, отырыстарды Конституциялық соттың ресми сайты мен аккаунттарында тікелей трансляциялау қамтамасыз етілді.
Екіншіден, Комиссия қызметін жедел жариялау, оның қызметі туралы ақпаратты жинақтау үшін «Конституциялық Реформа 2026» арнайы телеграм-арнасы құрылды.
Осылайша, Комиссияның жұмысы ашық және ашық режимде өтуде, оның қызметі туралы ақпарат баршаға қолжетімді бола түсті. Конституциялық комиссияның ашықтығы - опция емес, қазіргі қазақ қоғамы ауадай қажет етіп, керек қылп отырған сұранымы.
Конституциялық комиссия отырыстарының жоспарланатын тікелей трансляциялары туралы ақпарат ел-жұрт үшін аса маңызды. Оның үстіне оның жұмысына деген халық сенімін берік қалыптастыратын басты фактор екенін осы істің басы-қасында жүргендер осы бастан жете ескеруге тиіс.
Шындығын айтқанда Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, қолға алынғалы отырған Конституциялық өзгерістердің сипаты мемлекет пен қоғам арасында алтын көпірді берік әрі түбегейлі қалыптастыру болып та табылады.
Бұған дейін түрлі деңгейдегі талай коммисиялар құрылып олардың не істеп, не қойып жатқанын былайғы жұрт біле де бермейтін еді. Қазақ мемлекетті балаңдық дәуірін артқа тастап, нағыз сақа жігітке айналып, міне, енді ел-жұртқа тікелей қатысы бар қоғамдық-саяси мәселелерді бұдан былай есікті тарс жауып алып, жабық режимде немесе «тар шеңбер үшін» талқылауға болмайды деп ашық айтып отыр. Сондықтан қазақ билігі ел алдына есеп беріп, бұрынғы жабықтықтан бұқараға шынайы бет бұрған ашық қабақ танытудағы алғашқы қадам болып саналатын тікелей эфирлер - бұл жай ғана техникалық формат емес. Бұл мемлекетіміздің қоғамға деген сенімнің және биліктің ешбір қалтықсыз, сырын ішке бүгіп жасырмай, өз қарауындағы халықпен шынайы ашық диалог жүргізуге дайындығының түңілік түруі болып саналады.
Бұл орайда баса және қадап тұрып айтатын бір дүние: Мемлекет «Еститін мемлекет» және институционалдық жауапкершілік қағидаттарын декларациялаған жағдайда, Конституциялық комиссияның ашық жұмысы мәлімделген бағыттың қисынды жалғасына айналады.
Халықтың ерік-жігіері мен талап-тілегін ескеріп жасалған қадам қазақ қоғамына не береді деген заңды сауалдың нағыз сауалын мынадан табамыз:
Отырыстардың жариялылығы:
* алыпсатарлық пен сыбыс деңгейін төмендетеді;
* азаматтарға ұсынылатын нормалардың қисынын түсінуге мүмкіндік береді;
* болашақ өзгерістермен таңылған емес, саналы келісімді қалыптастырады;
* қорытынды шешімдердің заңдылығын арттырады.
Жұрттың бәрі жүрегімен сеніпі, санасының түпкіріне берік қалыптастырған түсінік: Ол: Конституция - бұл ішкі регламент немесе ведомстволық емес құжат. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы базалық шарт. Сондықтан оны талқылау процесі неғұрлым ашық болса, нәтиже соғұрлым қазақ қоғамына берер жемісі де көп болады.
Abai.kz