Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1336 0 пікір 28 Қаңтар, 2026 сағат 14:37

Астана Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды

Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Астанада 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты.
Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 818
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2163
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 552
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 526