Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2040 0 пікір 29 Қаңтар, 2026 сағат 12:58

Ақорданың баспасөз хатшысы ауысты...

Сурет: check-point.kz сайтынан алынды.

Бүгін Ақорда бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы ауысты.

Руслан Желдібай қызметінен босатылып, оның орнына бұған дейін ұзақ уақыт ҚР СІМ-інің спикері болған Айбек Смадияров тағайындалды.

Президент Жарлығында:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Онан соң: «Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2173
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 529