Жұма, 6 Ақпан 2026
Айтқыш екен 550 0 пікір 6 Ақпан, 2026 сағат 15:57

Президенттің иммунитеті – мемлекеттік тұрақтылықтың кепілі

Сурет: BAQ.KZ сайтынан алынды

Бірінші тармақ бойынша опасыздықтан басқасын деп жазылып тұр. Мысалы, опасыздық жасауды қоспағанда деп  тұр ғой. Сондықтан президент мемлекеттік билікте бірінші адам болғаннан кейін оның иммунитеті болу керек. Егер де бір дәлелденген ауыр қылмысы болмаса, менің ойымша, ол кісінің иммунитеті болу керек. Президент түгілі, елшінің,депутаттың, сенаторлардың иммунитеттері бар. Сондықтан да менің ойымша, президенттің осындай иммунитеті болуы заңдылық. Биліктегі кезінде бір басқа, ал мерзімнен кейін, әрине, ондай бір сұрақтар пайда болып жатса, оны мүмкін көтеруге болады деп есептеймін. Оның үстіне тек қана дәлел болса, факт болса ғана. Ал енді біреудің айтқан бір дақпырт сөз, өсек-аяңына сенуге болмас.

Енді екінші, үшінші тармаққа келетін болсақ, менің ойымша, бұл жерде президенттің немесе президент болған экс-президенттің тұлғасына  деген сыйластық, яғни адам мемлекет үшін жұмыс істеді, мемлекет үшін өзінің күшін берді. Сондықтан да ол еліктірмесе, айынды бизнисі  болған жоқ, бүкіл өмірін мемлекет үшін арнады. Сондықтан да ол кісі, мысалы, жұмыстан кетіп қалғаннан кейін немесе жұмыс істеп жүргенде оның материалдық қажеттілігін, менің ойымша, мемлекет жауып беру керек деп есептеймін. Қалай айтқанмен, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші президенттер, кез-келген президент ол мемлекеттің айнасы, мемлекеттің жарнамасы. Ол кісілерге қарап біз туралы пікір қалыптастырады. Мысалы,  кейде оларды сынауымыз мүмкін, президентті немесе экс-президентті сынауымыз мүмкін. Бірақ та шетел азаматтары біздің президентті немесе біздің экс-президентті сынағанда, менің ойымша, біз оларға төтеп беру керек деп есептейміз.

Сондықтан да өзара, өз үйіміздің ішінде, өз мәселемізді шешкенде мүмкін басқаш айтамыз. Бірақ та сыртқа шыққанда халықаралық кездесулерде, менің ойымша, қазіргі  президент болсын, экс-президент болсын, олар қаржыландыру жағымен толық қамтамасыз ету керек деп есептеймін.

Самат Нұртаза

Abai.kz

0 пікір