Сейсенбі, 10 Ақпан 2026
Жаңалықтар 137 0 пікір 10 Ақпан, 2026 сағат 15:20

Конституция: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды

Фото: Sputnik / Владислав Воднев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қоғамда жобасы талқыланып жатқан жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын айтты.

"Жаңа Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады", – деп мәлімдеді Тоқаев сейсенбі күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс желілері тиімді жұмыс істеді деп есептейді.

"Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ", – деген Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір