Ақтөбе облысында прокурор ұсталды
Ақтөбе облысында полковник шеніндегі прокуратура қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметке сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.
Ұстау 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері және Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.
Аймақтық прокуратура басқа мәліметтерді жарияламады.
Abai.kz